Меню KDT

logo.png?_=1675674764


"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
  • kz
  • Все новости

    Даналық мектебі” жобасы аясында Токишева Дамира Алтаевнаның, Құрмаш Дәулет Қанатбекұлының ұйымдастыруымен “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” мақсатында мектебімізде 5-8 сынып оқушыларының ата-аналарымен жаңа форматта “Баланың бас ұстазы ата-ана атты” (Позитивті тәрбие) тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту. Міндеттері: 1. Ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру. 2. Ата-аналарды позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағидаттарымен, әдістерімен таныстыру. 3. Ата-аналарға позивтивті ата-ана болу дағдыларын игеруге көмектесу. Сабақ барысында ата-аналарға “Сол қолмен” тренингі арқылы "мен баламды қатты жақсы көремін!" сөйлемін жазғызды. Жазып болған соң өздерін қалай сезінгендерін сұрады. Қиын болды ма? Әрине қиын! Дәл осылай балалар да жазуды немесе жаңа нәрсені үйренгенде қиналады. Сондықтан балаңыздың жазуы дұрыс болмаса немесе оқуы нашар болса, (кез келген жаңа нәрсе үйренгенде) ұрыспай қолдау білдіріңіз деген ой түсіндірілді. «Бала жүрегінен хат» тренингі арқылы оқушылар аналарына арнап сезімге толы жүрекжарды тілектерін хат арқылы жеткізді. Аналарымыз балаларының жазған хатын оқып, ризашылықтарын білдірді. «Өсірмейтін тыйымдар» тренингі арқылы ата-ана балаға көп тыйым жасай беру оның әрекет жасауға қорқып қалуына әкелетіндігін, өскенде өзіне сенімсіз жан-жағына жаутақтап жүруі мүмкін екенін түсіндірді. Кездесу барысында көптеген қызықты оқиғалар орын алды. Ата-аналар жағымды эмоцияға бөленіп, керемет көңіл- күймен тарқады

    29.11.2023
    0
    Даналық мектебі жобасы аясында Токишева Дамира,Дәулет Қанатбекұлы ұйымдастырды
    Толығырақ

    Сынып жетекшілер апталығы басталды.

    28.11.2023
    0
    Сынып жетекшілер апталығы басталды.                                                                                                                                                                   
    Толығырақ

    15 қараша Қазақстандық ұлттық валютасы-теңгеге 30 жыл толып отыр.Осы мерекеге орай 8, 9, 10 сыныптар арасында "Ұлттық валюта күні" атты сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.

    28.11.2023
    0
    15 қараша Қазақстандық ұлттық валютасы-теңгеге 30 жыл толып отыр.Осы мерекеге орай 8, 9, 10 сыныптар арасында "Ұлттық валюта күні" атты сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына
    Толығырақ

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    Полезные ссылки