11 сәуір күні Дауқара орта мектебінде аудандық оқу бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Сабақтарда критериалды бағалауды ұйымдастыру және сабақтарды жоспарлауда практикалық дағдыларды дамыту» атты аудандық семинар өтті. Оған Саумалкөл ҚОМ, Қаратал ОМ, Қарағамыс НМ,Егіндіағаш бастауыш, Шүкірлік НМ бастауыш мектебі жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен, үш тілділікті дамыту қанатқақты жобасы бойынша жұмыс жасайтын пән мұғалімдері және сынып жетекшілер, поэзия сүйер қауым және аудандық әдістеме кабинеті әдіскерлері Мырзахметова Гүлнар Серікжанқызы мен Пачковская Елена Анатольевна қатысты.
11 сәуір күні Дауқара орта мектебінде аудандық оқу бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Сабақтарда критериалды бағалауды ұйымдастыру және сабақтарды жоспарлауда практикалық дағдыларды дамыту» атты аудандық семинар өтті. Оған Саумалкөл ҚОМ, Қаратал ОМ, Қарағамыс НМ,Егіндіағаш бастауыш, Шүкірлік НМ бастауыш мектебі жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен, үш тілділікті дамыту қанатқақты жобасы бойынша жұмыс жасайтын пән мұғалімдері және сынып жетекшілер, поэзия сүйер қауым және аудандық әдістеме кабинеті әдіскерлері Мырзахметова Гүлнар Серікжанқызы мен Пачковская Елена Анатольевна қатысты.
Семинарды «Армысыздар ұстаздар!» деп қазақы амандасудан бастаған мектеп директоры Нұрпейісов Алданыш Нұахметұлы мектептің соңғы үш жылдағы даму қарқынымен таныстыру жасады. Расында да таныстырылымнан 2017-2018 оқу жылында Білім беру ісін қадағалау департаменті өткізген оқу жетістігін сырттай бағалаудан сәтті өткен аудандағы үш мектептің бірі екенін, 2016 жылы ҰБТ-ны жақсы еңсеріп грант иегері атанғандар түлектердің үлесі 25 пайыз, 2017 жылы 43 пайыз, 2018 жылы 70 пайыз болғанын, пәндік олимпиада да жүлдегер атанғандар 2016-2017 оқу жылында 53 пайыз, 2017-2018 ж 57 пайыз, 2018-2019 оқу жылында 62 пайыз болғанын, былтырғы оқу жылында 11-сынып оқушысы Құрмаш Дәулет оқу жылы аяқталмай жатып грант иегері атанса, биыл 11-сынып оқушысы Әлібеков Заманбекті облыстық білім департаменті СҚМУ-нің грантына ұсынып отырғанын, сондай-ақ «Пони», «Ақбота» сырттай интелектуалдық марофондарына қатысуда сандық, сапалық ілгерлеушіліктер бар екенін көрдік. Семинарда ағылшын тілі мұғалімі Мәжікеева Қ.А 1-сыныпта «Thigs I Iike» тақырыбында,бастауыш сынып мұғалімдері Нұрмағанбетова Н.Б 3-сыныпта математика пәнінен «Бекіту.Көлдер», Сердалина М.А 2-сыныпта «Өткенді бекіту», орыс тілі пәні мұғалімі Усина М.Ш 5-сыныпта «Рассказ В.Голявкин «В любом деле нужно работать», мектепте үш тілділікті енгізу қанатқақты жобасына қатысушылар, ағылшын тілінен В1,В2 деңгейінде сертификаталған биология пәні мұғалімі Абдушева А.Б 10-сыныпта «Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері», химия пәні мұғалімі Дүйсенова Қ.Қ 7-сыныпта «Адам организміндегі химиялық элементтер» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Соңғы екі ашық сабақ қазақ-ағылшын тілдерін араластыра өткізілгендіктен оны көруге ықылас жоғары болғанын, ашық сабақтардың талап деңгейінен шыға білгенін, пән мұғалімдерінің шығармашылық әлеуеті зор екенін, ұстаз бен оқушының өзара әрекеттесе еңбек етуі қоғамдастық пен ынтымақтастық арқылы оқушының өз бойына білімді сіңіру үрдісі жылдамдататыны семинарға қатысушылар кері байланыс берген кезде айтылды. Семинардың екінші бөлігінде қатысушылар сыныптан тыс іс-шараларды тамашалады. Тарих пәні мұғалімі Тоқышева Д.Ә даярлаған «Мәңгілік ел-бабалар аманаты» атты театрландырылған көрінісі балалардың киелі сахнаны еркін меңгеріп, артистік таланттарымен, музыка мен көркем сөздің өзара үйлесім табуымен, аз сөзбен, пластикалық қозғалыспен терең де әсерлі сезім туғыза білуімен көрермендерін тәнті етті. Іс-шараның екінші бөлігінде өзінің ақындар мектебі арқылы ақындар мен айтыскер ақындар шоғырын қалыптастыра білген білім беру ісінің құрметті қызметкері Нұрғалиев Қ.Н «Ақын деген –асыл сөздің қайнары» атты өз іс-тәжірибесімен бөлісу шеберлік сыныбын өткізді. Мұғалім жетекшілік ететін поэзия әуесқойлары өз жырларын шабыттана оқып, тыңдармандарын сырлы сезім, адамгершілік, адалдық пен танымдылық иірімдеріне жетелей білді. 11-сынып оқушысы Заманбек пен 9-сынып оқушысы Аяжан домбыраларын бебеулетіп жұртшылық алдында айтысып та алды. Қазақ деген халық жақсы сөз естісе, жарасымды әзіл мен жалынды жыр құлағына жақса «бір серпіліп қалдым» демей ме, біз де сол күйді кешкендей болдық. Іс-шараның үшінші бөлігінде мектеп әншілерінің әсем үндері мен Жанысова Т.Қ жетекшілік ететін халықтық домбыра ансамблінің орындауында екі- үш күйлерін тыңдап, рухани жаңғыру аясында қайта жабдықталып жатқан мектеп мұражайына келді. Мұражайда қазақтың киіз үйінің үлгісі мен қазақ металлургиясы атанған ұстахана көрігінің көшірмесін тамашалады. Семинарға қатысушылар мектеп бөлмелерінің бірінде орналасқан Дауқара ауылдық кітапханасына келіп, ондағы қазақ тіліндегі көркем әдебиеттің молдығына ризашылықтарын білдірді. Ауыл кітапханасына 2018 жылы 157 жаңа кітап келсе, 2019 жылдың өзінде 80 жаңа басылыммен толыққан. Осы бір сандық көрсеткіштер кітапхананың білім беру ісіне қосып отырған үлесін айғақтап тұрғандай. Семинар соңында білім бөлімі әдіскері Елена Анатолевьна Пачковская өз пікірлерімен бөлісе келе критериалды бағалау кезінде әртүрлі деңгейлі критерийлер арқылы жұмыс істетуге үйрету туралы құнды ұсыныстарын ортаға салса, білім бөлімінің әдіскері Мырзахметова Гүлнар Серікжанқызы Қасым Нұрғалиұлының ақындар мектебінің танымалдылығын тілге тиек етті. Саумалкөл ҚОМ Қалдырбаева З.Т, Қарағамыс НМ Жаппарова Л.К тағы басқалары ашық сабақтардың өту барысы, сыныптан тыс іс-шаралардың танымдылық-тәрбиелік аспектілерін, мектеп ұстаздарының зерттеушілік,шығармашылық әлеуеттері туралы оң көзғарастарын, жаңартылған мектеп жағдайындағы оқушылардың тең серіктес ретінде ұстаздармен бірлесе әрекеттерінің маңыздылығына назар аударып, позитивті тұрғыда кері байланыс берді. Сондай-ақ Дауқара орта мектебінің әртүрлі жерде жұмыс істеп жүрген ұстаз-түлектерінің сапалы қырларына жақсы баға берген қатысушылардың пікірлеріне көңіліміз марқайып қалды. Семинар өткізуші жақ пен қатысушыларға да пайдалы болды деп сенімді түрде айта аламын.