Меню KDT

logo.png?_=1675674764


"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
  • kz
  • Все новости

    Қарттар күні

    Қарттар күні

    Мақсаты:

    - Балалар мен оқушы жастарды аға ұрпақтың еңбегіне құрмет пен сыйластыққа негізделген,  патриоттық сана-сезімін, Отанын шексіз сүюге, өскелең ұрпақтың бойында азаматтық сезімді тәрбиелеу;

     - Рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарын дамыту,

     -  Кәсіби және әлеуметтік маңызды сапасын қалыптастыруға, олардың іскерлігі мен дайындығын қоғам өмірінің түрлі салаларында белсенділік танытуларын тәрбиелеу.

     

    Өтілетін уақыты: сағат 1000

    Өтілетін орны: Дауқара орта мектебі.

    Шақырылған қонақтар: Зейнеткер ұстаздар,

                  1-сынып оқушыларының  ата-аналары.

    Көрнекіліктер, жабдықтар: Білім туралы нақыл сөздер, шарлар,баннер.                             

     

    Музыкалық жабдықтар: ҚР мемлекеттік Гимні, мектеп  жайында әндер.

    Жүргізушілер: Тәрбие ісінің меңгерушісі: Сердалина А.С.,аға тәлімгер

    Жоспар

    1. Оқушыларды ертеңгілікке тұрғызу
    2. Ертеңгіліктің салтанатты ашылуы
    3. 1 сынып оқушыларының кіруі
    4. ҚР мемлекеттік туының енгізілуі
    5. ҚР мемлекеттік гимні
    6. Қонақтарды таныстыру
    7. Мектеп директорының құттықтау сөзі
    8. Қонақтарға сөз.
    9. 1 сыныпқа сөз
    • ҚР мемлекеттік туының шығаруы
    • Алғашқы қоңырау соғу салтанаты
    • Қорытынды сөз, оқушыларды мектепке,білім сабағына кіргізу

     

     

     

     

     

     

    1- жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар! Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз!

    2- жүргізуші:  Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

                    Болсын солай әрбір күнің, әр айың

                    Мерекеңіз құтты болсын, ата-ана

                    Мерекеңіз құтты болсын, ағайын!

     1-жүргізуші:  Мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндер мен ата-аналар  үшін «Алғашқы        қоңырау» мерекесінің алатын орны ерекше. Бала қобалжыса, ата-ана азамат болды деп қуанады. «Алғашқы қоңырау» баланың білімге деген  сүйіспеншілігін, құштарлығын тудырады. Бүгінгі мерекенің басты қонақтары – енді ғана мектеп табалдырығын аттағалы тұрған кішкентай бүлдіршіндер. Бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі  егемен еліміздің болашақ  ұрпақтарын зор қошаметпен қарсы алайық!

    2-жүргізуші: Ендеше мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі  Гүлсара Оралқызын   қошеметпен қарсы алыңыздар!  /музыка/

                   

    1. Акжигитова Инабат Советқызы
    2. Жарасбекқызы Диляра
    3. Қалел Сезім Болатбекқызы
    4. Нұрмағанбетова Дилара

     

    1-жүргізуші:     Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,

                      Құтты болсын алғашқы қадамдары.

                      Құтты болсын, болашақ баспалдағы,

                      Құтты болсын басталған оқу жылы!

     

    2-жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар!  Егемен Қазақстан туына қарап, сап түзеңдер! ҚР мемлекеттік туы енгізілсін!

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады    

    1-жүргізуші: «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында  салтанатты мерекелік жиынымызды  ашық - деп жариялаймыз.  

    2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар енді сіздерді бүгінгі мерекеге келген қонақтарымызбен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

    1. АІІБ басшысы Габдуллин Абылғазы Советұлы
    2. «Жарқын СК» жауапкершілік шектеулі серіктестік өкілі Жахиен Қ. Қ.

          3.Дауқара орта мектебінің қарт ұстаздары:   Қабиден Шаяхметұлы, Сәния Жүсіпқызы, Ұлболсын Құрмашқызы

     

    1-жүргізуші:  Мектеп деген білім күні, жыр күні!

                              Мектеп деген ғылымның ең үлкені!

                              Мектеп деген тәрбиеші адамға

                              Мектеп деген даналардың мекені!

    Ән. Алғашқы қоңырау

     

    2-жүргізуші:  Білімді шәкірттерін аялаған

                        Жақсылығын ешкімнен аямаған,

                        Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

                        «Ұстаз»деген аяулы, ардақты адам.- дей келе, «алғашқы қоңырау» мерекесімен құттықтау сөзі   мектеп директорының міндетін атқарушы  Балбөбек Қалелқызына беріледі.

     

    1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті  Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды – Жастар жылы деп бекітіп, баршамызды бір қуантып еді. Жастар – барлық прогресстің қозғаушы күші, еліміздің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, ұлы даланың дәстүрі мен салтын келер ұрпаққа жеткізер болашағы.

     

    2-жүргізуші: Біздің мектебімізге де жас мамандар келіп отырғанына біз құаныштымыз. Н. Назарбаев өз сөзінде: «Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр», – деп атап өтті.

     

    1-жүргізуші: Ануар Амантайұлы, Олжас Дулатұлы ұстаздық жолына қош келдіңіздер, қадамдарың құтты болсын!



    Қонақтарға сөз:  АІІБ басшысы Габдуллин Абылғазы Советұлына беріледі.

             

    «ЖарқыниСК» жауапкершілік шектеулі серіктестік өкілі

     Жахиен Қ.Н.

              Дауқара орта мектебінің қарт ұстаздары

     

    2-жүргізуші:   Алғаш келген бүлдіршін,                                    

                               Құтты  болсын қадамың

                               Төбеңде бейбіт күн күлсін,

                               Төмендемесін талабың.

    1-жүргізуші:    Бірінші сыныпқа аяқ басқан балалар

                               Бұл күн сендер үшін ерекше күн боп саналар

                               Ендеше, қадамдарың құтты болсын!

                               Күнделіктерің үнемі «5-ке» толсын!

    Сөз кезегі 1-сынып оқушыларына беріледі.

     

    2-жүргізуші:     Қуантып тастар-ау,

                                Сыныптан көшкенім,

                                Байқамай қалар-ау,

                                Ер жетіп өскенің- дей отырып, мектебіміздің болашақ түлектері, әрі өздерінен кейінгілерге үлгі болып жүретін аға – тәтелері бүгін

    1-сынып оқушыларына «Білім кілтін» табыс етуге және алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтау сөзі 11сыныпқа беріледі.

         

    Аяулым:  Білім есігін ашар жас бүлдіршіндер, алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын!.

                          Мереке зор қуаныш-Білім күні,

                                  Сыңғырла қоңыраудың  алғашқы үні.

                                  Қош келдің, құтты болсын, қадамдарын,

                                  Балдырған, балғын жандар-өмір гүлі.

    Мектеп –ана, мектеп-өмір, бүлдіршіндер  үшін  қызықты да  думанды, қуанышты да мерекелі болсын!

    Аңсаған:  Жас дос! Арман қанатында алыстарға көз тіккен бала қыран!                                     Балалықтың бал дәуреніне қол бұлғап, білім жолына аяқ басқан алау жүрек! Баршаңызды бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

                           Білім үшін оқу іздеп келгендер,

    Қанат қағып әр қияға өрлеңдер.

    Білім алу ең бірінші парызың,

    Оқу үшін аянбай бір терлеңдер.

    Көкірегіне жыр қуаныш толады

    Біз жасайтын жаңалықтар мол әлі.

    Құтты болсын мерекеңіз, жас достар.

    Зор құрметпен білім кілтін қабыл ал

     

    1-сынып оқушысы: Туған Республикам, сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы болуы үшін сапалы білім аламын.  Жоғары мәдениетті азамат боламын. Мемлекетіміздің Президентін құрметтеймін, Конституциясы мен Зандарын бұлжытпай орындаймын, Еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап, қастерлеймін деп

    Хормен: Ант  етеміз! 3 рет

     

    1-жүргізуші:              Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

                                 Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

                                 Адам жанын тәрбиелеп аялар,

                                 Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегін 1-сыныпқа  шәкірттерін қабылдап отырған Гүлсара Оралқызына   береміз.

     

     

    2-жүргізуші:    Қандай ғажап қарашы жан- жағыңа, 
                       Күміс күлкі симай тұр, қара мұңға.
                       Ата-анадай бақытты бар ма екен жан,
                       Қол жеткізген аңсаған арманына.

     

    1-жүргізуші:    Жақсы шәкірт Азамат атанады,
                       Халқынан, ата-анадан бата алады .
                       Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
                       Ортаға шақырайық ата-ананы.

    1сынып оқушыларының ата-аналары атынан Альмаганбетов Ж.Ж.  сөз беріледі.

     

    1-жүргізуші:  Қағылмақ міне әуенге бөлеп,

                      Қағылмақ алғаш қоңырау,

                      Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

                      Шаттыққа толсын омырау.

     

    2- жүргізуші: «Алғашқы қоңырау алысқа – алысқа шақырады»- дей отырып, бүгінгі күннің алғашқы коңырауын соғуға рұқсат етіңіздер.

    Алғашқы қоңырау соғу үшін құрметпен ортаға 1-сыныпқа қадам басқан Ақжігіт Инабат пен 11 сынып оқушысы Қалым Мирасты шақырамыз. 

     

    1-жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан туына қарап, сап түзеңдер! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын. 

     

    2-жүргізуші: Ал қазір біздің бірінші сынып оқушыларын бірінші мұғалімі білім жолымен қызықты және қызығы көп күтетін білім еліне апарады.

     

    1-жүргізуші: Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған  салтанатты жиынымыздан  бірінші болып кету құрметті, 1 сынып оқушылары, сіздерге  беріледі.

    (Бірінші сынып оқушылары сыныптарына барады  (музыка)

     

    2-жүргізуші:  Күн бүгін ерекше күлімдеген

                    «Мектепті – кеме, білімді -теңіз» деген

                    Ендеше, оқушылар, асығыңдар,

                    Күтуде сендерді бүгін кемең.

     

    1-жүргізуші: Осымен «Білім күніне» арналған салтанатты жиынды «жабық» деп жариялаймыз! Құрметті оқушылар, баршаңызды  алғашқы сабаққа шақырамыз.

     Оқушыларды мектепке кіргізу.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    06.11.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    Полезные ссылки