Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту,табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру,табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол ізгілікті экологиялық білім мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Табиғат туралы даналық сөздер, нақыл сөздер.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі 5-6 сыныптар аралығында өтетін «Жұлдызды сәт»географиялық сайысына қош келдіңіздер.
1-жүргізуші. Адаммен табиғат әрқашанда егіз. Ата – бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал - байлық»деп өсиет еткені тегін емес. Балалар, сендер білесіңдер күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғатымыздың бізге тартқан сыйы. Сондықтан біз табиғатты қорғауымыз қажет. Табиғатты қорғау әр адамның азаматтық борышы.
Сайысқа қатысушылар 5-6 сынып оқушыларынан құралған екі топ «Табиғат», «Экология».
ІІ. Сайыс шарттары.
1-кезең. Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады).
2-кезең. «Бой сергіту» («Табиғат» тобына 10 сұрақ, «Экология» тобына 10 сұрақ)
3-кезең. «Кім көп біледі». «Табиғат» тобы су қадірі туралы 7 мақал – мәтел, «Экология» тобы Жер қадірі туралы 7 мақал – мәтел.
4-кезең. «Сен білесің бе?» жұмбақ шешу «Табиғат» тобы «Экология» тобы
5-кезең. «Біз қандай тыйым сөздерді білеміз?»
«Табиғат» тобы Орман – тоғай, жасыл – желекке байланысты тыйым сөздер. «Экология» тобы Жан – жануарларды аялау, қорғауға байланысты тыйым сөздер.
5-кезең. «Биік шың» (топ жетекшілеріне 10 сұрақ)
Ендеше сайысымызға қатысып ерінбей еңбектеніп жүрген алғыр оқушыларымызға сәттілік тілейік. Сонымен бірге сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар!
Көзге түсер жүйріктер бағасымен,
Суда ағар таулардың саласымен.
Тек сәттілік, қатысыңдар сайысықа,
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыспа.
Оқу керек, білім керек қашанда,
Ол болмаса сайыс деген сайыс па? – дей отырып сайысымызды бастайық.
1-кезең. Таныстыру (екі топ ортаға шығып өздерін таныстырады) 5 ұпай.
2-кезең. «Бой сергіту» екі топқа сұрақтар қойылады, 1 сұрақ 1 ұпай.
«Табиғат» тобына:
«Экология» тобына
Қазақ халқы ежелден табиғат тылсымын меңгере білген, оның ыстығына күйіп, суығына көнген. Ата – бабаларымыз арттарына табиғат жайлы әр түрлі өсиет сөздер, мақал – мәтелдер және тыйым сөздер қалдырып кеткен.
3-кезең. «Кім көп біледі?» мақал – мәтелдер
«Табиғат» тобы су қадірі туралы 7 мақал – мәтел.
1.Көл,көлге құяды,сел,селге құяды-шұқанаққа дымда жоқ.
2.Қайнаған қара суда қасиет бар.
3.Сыйласқанның суын іш.
4.Жылай -жылай арық қазсаң,күле-күле су ішерсің.
5.Таумен тасты су бұзады,Азаматты сөз бұзады.
6.От арық,су семіз
7.Алпыс күн тасыған су,Алты күнде қайтар.
8.Су аққан жерінен ағар, шөп шыққан жерінен шығар.
«Экология» тобы Жер қадірі туралы 7 мақал – мәтел.
1.Туған жер-тұғырың, Туған ел-қыдырың.
3.Жері байдың елі бай.
4.Қысың қарлы болса,Жерің ылғалды болады.Жерің ылғалды болса,Еккенің нәрлі болады.
5.Терін төксе жеріне,жер тілеуін береді,Елін сүйген еріне ел тілеуін береді.
6.Қыз өссе-елдің көркі, Гүл өссе-жердің көркі
7.Жер- ырыстың кіндігі,Білім ырыстың кіндігі
8.Ағаш –жапырағымен, Жер топырағымен
4-кезең. «Сен білесің бе?» Жұмбақ шешу
«Табиғат» тобы
1.Кең байтақ,су ішуге болмайды. (теңіз)
2.Орақ болып туады,Табақ болып тынады.(Ай)
3.Жер түсіндей сабағы,дәні халық тағамы (бидай)
4.Әне барды өзі,Көрінбейді ізі (жел)
5.Біреуін жерге беріп,Күзде оны тереді (тұқым)
6.Сатайын десем ауыр кілем,Сатпайын десем тәуір кілем (жер)
7.Аумаған қар,жаумаған қар.
Таңертең бар ,сәскеде жоқ (қырау)
«Экология» тобы
1.Аяғы жоқ жүреді,жоғарыдан төмендеп (су)
2.Ұйықтайды, ұлы түнде,Күндіз қызы,
Жүргенде білінбейді басқан ізі (күн мен Ай)
3.Шеті бар,шегі жоқ (көкжиек)
4.Тас тәрізді түрі бар,жақсаң –үйің жылынар (көмір)
5.Жасыл тонның бояуы,
Жыл 12 ай оңбайды (шырша)
Ашуланып бұртиды,ашушаң ақымақ.Аузы көпіріп құтырды, Кез келгенді ұшырды (құйын)
7.Қанатсыз құс маңып барады,Көзінен жасы тамып барады (бұлт)
Білгенге білім – байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренесің өнер – білім- өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің ордасындай – деп сайысымыздың келесі кезеңін жалғастырайық.
5-кезең. «Біз қандай тыйым сөздерді білеміз?»
«Табиғат» тобы Орман – тоғай, жасыл – желекке байланысты тыйым сөздер.
1.Көк шөпті жұлмайды.Ағаш бүрелерін үзбейді.Көк шыбықты сындырмайды,Қосарланып өскен,қатар біткен,егіз шыққан ағашты кеспейді.
«Экология» тобы жан – жануарларды аялау, қорғауға байланысты тыйым сөздер.
Құстың қарғысына ұшырайсың. Қойдың сүті қорғасын,қойды тепкен оңбайды.
6-кезең. «Биік шың» (топ жетекшілеріне 10 сұрақ)
«Табиғат» тобы жетекшісіне
«Экология» тобы жетекшісіне
Қорытынды: Міне, біз «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан оқушыларымызды анықтайтын кезге де жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болғандарыңызға көп рахмет.
Оқушыларды марапаттау.