Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: «Дауқара орта мектебі» кмм | |||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Альмаганбетова З.Ж. | |||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Арифметикалық прогрессия | |||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.3.3 арифметикалық прогрессияның анықтамасын және сипаттамалық қасиетін біледі, сан тізбектерінің арасынан арифметикалық прогрессияны таниды; 9.2.3.4 арифметикалық прогрессияның n-мүшесінің формулаларын қорытып шығарады және қолданады; | |||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - берілген тізбектердің ішінен арифметикалық прогрессияны таниды; - тізбектердің ортақ мүшесін табады; | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: сандық тізбектердің берілу тәсілдері туралы біледі; сандық тізбектердің жалпы мүшесінің формуласын пайдалана біледі сан тізбегінің жалпы мүшесінің формуласын қорытады; сан тізбегінің мүшелерін табады. | |||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты Оқушылар: - бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын есеп шешуде қолданады; - арифметикалық прогрессияны есеп шығаруда қолданып дәйектейді; Пәндік лексика мен терминология - сандық тізбектер; - тізбектің берілу тәсілдері; - тізбектің алдыңғы мүшесі, тізбектің кейінгі мүшесі; - тізбектің бірінші мүшесі және т.с.с., тізбектің n-мүшесі; - тізбектің n-мүшесінің формуласы; - рекурренттік формула; - өспелі, кемімелі тізбек; - арифметикалық прогрессияның айырмасы; - арифметикалық ортасы; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - тізбектің n-мүшесінің формуласын … түрде беруге болады; - тізбектің келесі элементі … болады; - прогрессияның ... мүшесін табу үшін ... ; - тізбек кемімелі/өспелі болып табылады, себебі … ; - ... саны арифметикалық прогрессияның мүшесі болып табылады, себебі … | |||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады | |||||||||||||||||||||||
Жаһандық ақпарат | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу, биология | |||||||||||||||||||||||
АКТ қолданудағдылары |
| |||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сандық тізбектер, дәрежесі бар тізбектер түсініктері. Бүтін көрсеткішті дәрежесі бар тізбектің заңдылығын анықтау және жетіспейтін мүшесін таба білу. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Амандасу Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушылармен сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін төменгі стратегиясы өткіземін.«Сағат тіліне сәйкес досым»
|
Слайд 1 | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Өткен материал-дарды актуализациялау
5 мин | Өткенді еске түсіру( Сұрақтар) 1) Сандық тізбек дегеніміз не? (анықталу облысы алғашқы п натурал сандар жиыны немесе барлық натурал сандар жиыны болатын функция) 2) Сандық тізбектің мүшелері дегеніміз не? (тізбекті құрайтын сандарды тізбектің мүшелері деп атайды) 3) Тізбек мүшелері қалай белгіленеді? (тізбек мүшелері сәйкес мүшелердің индексі көрсетілген әріппен белгіленеді. яғни , .) 5) Өспелі тізбек дегеніміз не?(екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесінен артық болатын тізбек) +1 6) Кемімелі тізбек дегеніміз не? (екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесінен кем болатын тізбек)
|
Слайд 2-10 | ||||||||||||||||||||||
Жаңа тақырыпты енгізу 10 мин
| Оқушылар таратымды оқып бір-біріне түсіндреді Тапсырмалары бар үлестірмелер таратыңыз, мысалы: Тапсырма 1: Бос орындарды толтырыңыз.
Арифметикалық прогрессияның, арифметикалық прогрессия айырмасының анықтамаларын беріңіз. Тапсырма 2: Тізбек бірнеше алғашқы мүшелерімен берілген. Олардың қайсысы – арифметикалық прогрессия? а) 1; 2; 3; 5;… б) 1; 2; 4; 8;… в) 1; 3; 5; 7;… г). | Таратылым слайд 11-17 | ||||||||||||||||||||||
Теориясы 7мин | Анықтама. Тізбектің әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне бірдей тұрақты санды қосқанда пайда болған тізбекті арифметикалық прогрессия деп аталады. Анықтама. Қосылатын тұрақты сан арифметикалық прогрессияның айырмасы деп аталады және d әрпімен белгіленеді. Арифметикалық прогрессияның екінші, үшінші, төртінші және бесінші мүшелерін бірінші мүшесі және айырмасы d арқылы өрнектеп жазыңыз. ………… …………. …………. …………. ……………………………………… –ті және d жазғаннан кейін, нені байқадыңыз? n-ші мүшесінің формуласын қорытыңыз. ………………… Оқушылар өздерін тексереді Оқушылар бос орындарды толтыру арқылы арифметикалық прогрессияның n –ші мүшесінің формуласын өздері қорытып шығарады Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы Арифметикалық прогрессия деп a, d параметрлері мен a1 = a, an = an – 1 + d, n = 2, 3,… заңдылығы арқылы берілген сандар тізбегін айтамыз. d параметрі берілген арифметикалық прогрессияның айырымы деп аталады. Мысалы, келесі тізбек арифметикалық тізбек болып саналады: 0; 3; 6; 9; 12; …; 3(n – 1);Мұнда a= 0 және d = 3. Бастапқы мәні а-ға және айырымы d-ға тең арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы: an =a1 + d(n – 1). Мысалы, егер арифметикалық прогрессияда a = 12 және d = 5, онда a2 = 12 + 5(2 – 1) = 17, a3 = 12 + 5(3 – 1) = 22, a4 = 12 + 5(4 – 1) = 27. Осылай жалғастыра отырып, ізделінген арифметикалық прогрессияны алуға болады: 12; 17; 22; 27; …; 12 + 5(n – 1);… Егер арифметикалық прогрессияның айырымы d > 0 болса, онда өспелі сандар тізбегі болып табылады. Егер арифметикалық прогрессияның айырымы d < 0 болса, онда кемімелі сандар тізбегі болып табылады. Егер арифметикалық прогрессияның айырымы d = 0 болса, онда тұрақты сандар тізбегі болып табылады. Арифметикалық прогрессияның қасиеті. Арифметикалық прогрессияның қатарлас үш мүшесінің ортаңғысы екі шеткі мүшелерінің арифметикалық орташасына тең. Басқаша айтқанда, сандар тізбегінің кез келген an (n ≥ 2) мүшесін келесідей жазуға болады: Мұндай сандар тізбектері арифметикалық прогрессия деп аталады. | Слайд 18-20 | ||||||||||||||||||||||
Жұптық жұмыс 5 мин
| Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. «Карусель» тәсілін қолданыңыз. Әр жұп үлестірмелердің біреуін алады. Әр жұптың өз үлестірмесі болатындай үлестірме санын дайындаңыз. Тапсырма: Бос орындарды толтырыңыз. Тапсырманы орындап, жұп өз үлестірмесін келесі жұпқа тексеруге береді, осылайша, үлестірме дөңгелене ауысады. Тексеретін жұптар плюс немесе минус таңбасын қояды. Үлестірме өз иесіне қайта келгенде, жұптар өз қателерін түсіндіреді.
| Слайд 21-22 Карточка | ||||||||||||||||||||||
Қалыптастыру-шы бағалау 6 минут
| Бағалау критерийлер Білім алушы: Арифметикалық прогрессияның жалпы мүшесінің формуласын біледі; Берілген элементтер бойынша арифметикалық прогрессияның кез келген мүшесін табады; Алғашқы n мүшелерінің қосындысының формуласын біледі; Алғашқы n мүшелерінің қосындысының формуласын қолданады; Тапсырма 1. – арифметикалық прогрессия. Оның екінші мүшесі 2-ге, ал төртінші мүшесі 6-ға тең. Осы прогрессияның алтыншы мүшесін табыңыз. Дескриптор: Білім алушы -арифметикалық прогрессияның анықтамасын қолданады; -арифметикалық прогрессияның белгісіз мүшесін табады. Тапсырма 2. Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 10-ға, ал айырмасы 12-ге тең болса, 16 мүшесін есептеңіз. Дескриптор: Білім алушы -арифметикалық прогрессияның анықтамасын қолданады; -белгісіз шаманы табады.
| Слайд 23 | ||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма 2 мин | §15 №373 | Слайд 24 | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия. Блоб ағашы арқылы оқушылар өздерін бағалап, кері байланыс береді.
| Слайд 24 | ||||||||||||||||||||||