Тақырыбы: «Әке,шеше және мен спортсүйгіш отбасымыз!» |
Мақсаты: Денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ептілік және жылдамдық тәрізді қасиеттерді дамыту.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар.Бүгін біздің мектебімізде « Әке,шеше және мен – спорт сүйгіш отбасымыз!» атты спорттық сайыс өткелі отыр. Бұл шара 3-ші мен 4 сыныптар арасындағы ата-аналар қатысуымен өткелі отыр.
Жүргізуші:
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел.
Дей отырып ал енді ортаға ойыншыларымызды шақырамыз.
1-топ Қыран
2-топ Сұңқар.
Жүргізуші: Ал құрметті жарысқа қатысушы топтар сіздерге сәттілік тілеймін. Сіздер бүгін өздеріңіздің шапшаңдықтарыңызды, ұйымшылдықтарыңызды, ойшылдарыңызды, ептіліктеріңізді көрсететін боласыздар.
Ал құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңдер. Сайысты бастамас бұрын қара қылды қақ жаратын әділ - қазылар алқасымен таныс болайық.