Меню KDT

logo.png?_=1675674764


"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
  • kz
  • Все новости

    Жаратылыстану-математика бағыты онкүндігі

    Сыныптан тыс шара:
    Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан?

    Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан?

    Мақсаты: Оқушылардың биология саласынан білімдерін кеңейту, шығармашылық ізденістерін байқау.  Алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету. Логикалық ой-өрісін, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, таным белсенділіктерін арттыру.

    Қажетті құрал-жабдықтар: презентация, конверт, сұрақтар

    Түрі: сайыс

    Әдіс-тәсілдері: ойын, сұрақ-жауап, ой қозғау.

    Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар мен көрермендер! Бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» деп аталатын интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер! Ортаға қол соғып, қошеметтеп өз білімдерін паш етіп, бақ сынасар ойыншыларымызды шақырайық. Енді сайысымызды әділ бағалайтын қазылар алқасымен танысып өтейік.

    (Оқушылар мен әділ-қазылар  орындарына отырған соң, ойынның жүру жолы таныстырылады)

    І тур: «Сұрақтар» сайысы.

    ІІ тур: «Не? Қайда? Қашан?»

    ІІІ тур: «Конверттегі сұрақтар»

    ІҮ тур: «Жұмбақтар» сайысы

    Олай болса, құрметті ұстаздар мен көрермендер, екі сыныпқа сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік.

    І тур: «Сұрақтар» сайысы. (Әр дұрыс жауап – 1 ұпай)

    10-сыныпқа сұрақтар:

    1. Сүйекті қаптайтын элемент. (кальций)
    2. Екі дүние бөлігінен тұратын материк. (Еуразия)
    3. Қарын сөліндегі күшті қышқыл. (тұз қышқылы)
    4. Ең ұзақ жасайтын ағаш. (емен)
    5. АТФ құрамына кіретін азоттық негіз. (аденин)
    6. Зәр шығару мүшесі. (бүйрек)
    7. Тыныс алу неше кезеңде жүреді? (3)
    8. Қазіргі адамдардың түрі. (саналы адам)
    9. Мысық жыртқыш аң ба? (ия)
    10. Аэробты ағзаларды атаңыз.

    11-сыныпқа сұрақтар:

    1. Омыртқалы жануарларды атаңыз.
    2. Фотосинтез үдерісі нелерде жүреді?
    3. Тіс емдейтін дәрігер. (стомотолог)
    4. Сұрыптаудың неше түрі бар? (2)
    5. Тыныс алу мүшелерін атаңыз.
    6. Ароморфоз деген не?
    7. Адамдар мен жануарлардағы ұлпа саны.
    8. Қосарлы атаутізімді енгізген ғалым. (К.Линней)
    9. Эволюциялық ілімнің алғаш негізін салушы. (Ж.Б.Ламарк)
    10. Адамның досы. (ит)

    ІІ тур: «Не? Қайда? Қашан?»  Мұнда сұрақтар екі сыныпқа кезектесе қойылады. Дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.

    1. Александр Македонскийдің Үндістанға сапары кезінде оның әскеріндегі солдаттарға қарағанда офицерлер жұқпалы ішек ауруларымен сирек ауырған. Олардың тамақтары мен сусындары бірдей, тек ыдыстары әртүрлі болған. Офицерлердің ыдыстары қандай металдан жасалған? (күміс)
    2. Неліктен мас жүргізушілер көлікті шалт бұрады, тежегішті аяқ астынан басып қалады және оның нәтижесі неге әкелуі мүмкін. (Адамның қимыл-қозғалыс орталығы мишығына алкоголь әсер еткендіктен, дәл қозғалыс жасай алмағандықтан мас жүргізушілердің басталған қимылы аяқталмай қалады. Артық қимылдар жасап, тежегішті басып қалады немесе басқа жаққа шалт бұрылады. Мұндай жағдайда жүргізуші жол-көлік апатының себепшісі болады)
    3. Атақты американдық экономист А.Смит осы зат туралы былай деген екен: «Бұл заттың қажеттігі соншалықты, онсыз өмір сүру де мүмкін емес және ол зат өте арзан.» Бұл қандай зат? (су)
    4. Әрбір адамға бұл зат өмірінде екі рет беріледі, бірақ үшінші рет оны үлкен ақша төлеп алады. Бұл не? (тіс)
    5. Күйзеліс кезінде адам ағзасынан аса қауіпті улы токсиндер бөлінеді. Адам ағзасы бұл токсиндерден қалай құтылады? (жылау арқылы)
    6. Коми тілінде: «сил»-көз, «лыс»-қылқан деген мағынаны білдіреді. «Силлыс» сөзінің мағынасын тап. (кірпік)

    ІІІ тур: «Конверттегі сұрақтар» Әр дұрыс жауап 2  ұпай

    Екі сынып кезекпен конверттегі сұрақтарды алып жауап береді.

    1. Ең қырсық жануар. (есек)
    2. Ең үлкен жылан. (анаконда)
    3. .Ең үлкен маймыл. (горилла)
    4. Ең үлкен жеміс. (асқабақ)
    5. Адам ең бірінші меңгеретін қозғалу тәсілі. (еңбектеу)
    6. Ең улы жылан. (кобра)
    7. Ең үлкен сүтқоректі. (көк кит)
    8. Ең кіші материк. (Аустралия)

     

    ІҮ тур: «Жұмбақтар» сайысы. Әр дұрыс жауап 2  ұпай

    1. Дәу үңгірдің қақпасы жабылып, ашылып тұрады,

    Жоқ болса да топсасы.         (ауыз)

     

    1. Жанды мотор сынбайды,

    Күні-түні тынбайды.

    Кейде оның жүрісін,

    Дәрігерлер тыңдайды.        (жүрек)

     

    1. Тарам-тарам бір ғалам,

    Айқыш-ұйқыш  шырғалаң.

    Толған ағыс тоқтаса

    Жоғалады бар адам.       (қантамырлары)

     

    1. Сәуле астында жүз ине,

    Деген сөзді жасырдым.

    Тапқыр болсаң тауып көр,

    Қулығымды асырдым.      (кірпік)

     

    1. Күмбір-күмбір қарағым,

    Қартайғанша жарадың.      (құлақ)

     

    1. Қос жиек, ортасы ақ сүйек. (тіс)
    • Міне, сайысымызда да өз мәресіне жетті. Енді әділ-қазылар әділ шешімдерін шығарсын. Сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
    • Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет. Сау саламатта болыңыздар.

     

     

    21.11.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    Полезные ссылки