Меню KDT

logo.png?_=1675674764


"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
  • kz
  • Все новости

    Адалдық сағаты

    Адалдық сағаты

    Тұңғыш Президент күніне арналған бірыңғай сынып  сағаты

    Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Елбасы еңбектерімен таныстыра отырып, Отанға, елге, ата – анаға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, егемен мемлекетіміздің патриоттары болуға тәрбиелеу, оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.

    Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, өзіндік ізденіс, топтау, жинақтау.

    Сабақтың көрнекілігі: ҚР Президентінің суреттері, слайд, гүл, шар, сюжеттік фильм, музыкалық аспап. Техникалық құралдарды пайдалану (DVD, теледидар, компьютер)

    Сабақтың барысы: (хормен әнұран айтылады).

    Мұғалім:

    - Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі «Біздің Елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

    Жеткен арман жаса, тәуелсіздігім,

    Өз қолыма берген ерік тізгінін.

    Ие болған әлем ілтипатына,

    Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!

    Ендеше, әсем әнді осы мерекеге шашу ретінде қабыл алыңыздар. «Астана» әні орындалады.

    Жүргізуші:Танды атырам ел – ұрандай өр үнімен,

    Елтаңбам тұр орын алып төрімнен.

    Ата заңым сүйінер күш-қуатым,

    Көз тартады көк туым өз көгімнен.

    Жүргізуші:Бүгін біз сіздермен бірге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, еңбектері, алған марапаттары туралы айтқалы отырмыз.

    - Қане, оқушылар, Елбасы туралы кім не біледі екен?

    Жауаптар:

    Жүргізуші:Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің сайланып қойылатын басшысы, ең жоғары лауазым иесі. Президенттің құқықтары мен міндеттері өте көп.

    Жүргізуші:Осындай тарихи міндеттерді шешуде біздің көп ұлтты республикамыздың Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басты рөл атқарады . Қанеки, достар, біздер Елбасы жөнінде не білетінімізді бөлісейік.

    • оқушы:Кеңес одағы ыдыраған кезенде Нұрсұлтан Әбішұлы батыл да білікті қадамдар жасай білді.

     

    2 – оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев жасампаздық саясатты таңдап алды, халық пен мемлекет билігі бірлігінің, конституциясының, адам мен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарының беріктігінің символы және кепілі болды.

     

    3 – оқушы: Сондықтан біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге  барлық мүмкіндік жасап келе жатқан үшін мақтан етеміз.

    «Қазақ елі осындай» әні орындалады.

    Жүргізуші:Президент әлемді кағымдарға мұқият назар аударды, ал өзінің көрнекті ғылым екендігі де белгілі. Біздің Елбасымыздың ерлігі еңбектерінің қатарына жататындар:

    «ХХІ ғасырдың табалдырығында», «Қоғамдық  өзгерту стратегиясы және Еуразиялық өркениеттің қайта өрлеуі» тәрізді кітапттары мен басқа да ғылыми жұмыстар әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолдауға ие болған.

    Жүргізуші:Ендеше, келесі кезекті оқушыларымыздың отаны, елбасы жөнінде дайындап келген өлең – жыр-шумақтарын тындайық.

    ( Әдеби - монтаж )

    Жүргізуші:Әлдеқалай түспейді адасып нұр,

    Астанаға сұлу тәж жарасып тұр,

    Жап – жаңа бұл Астана әлемдегі,

    Көшелермен бой түзет аласып тұр.

    (« Нұр Астана » әні орындалады)

    Жүргізуші:«Орында бар оңалар» демекші, ел орында, жер орында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылуда. Біздің Отанымыз – Егемеді тәуелсіз қазақ мемлекеті.

    («Қасқыр» - күй қылқобызда орындалады).

    Жүргізуші:Ал енді тарихымызға көз жүгіртейік.

    1 – оқушы: 1981 жылы желтоқсанның 1- де Республика жұртшылығы тұңғыш реет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады.

    2 – оқушы: 1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

    3 – оқушы:1995 жылы 30 тамыздаҚазақстан Республикасының «Атазаңы» қабылданды.

    4 – оқушы: Тәуелсіздігіміздің тірегі, ердігіміздің жүрегі – Астана қаласы 1998 жылы 10 маусымда Республикамыздың астанасы деп аталды.

     

     

    Жүргізуші: Көптен күткен көк байрақ желбіреді,

    Күннің көзі көктемдей елжіреді.

    Мұңнан ыстық жалын от бар ма, сірә,

    Отан - әнмен жүрегім тербеледі.

    «Сәлем саған Қазақстан» әні орындалады.

    Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті туралы өзінің елінде де, сондай – ақ әлемнің басқа жерлерінде де жақсы жағынан айтылып келеді, оның атқарған істерінің, әсіресе біздің еліміздегі ғана емес барлық халықтардың бейбіт өмір сүруіне орай жұмыстарының мән – маңызын сезінбеу мүмкін емес, сондықтан да «Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев – біздің Елбасымыз» - зор сеніммен, әрі мақтаныш сезіммен айта аламыз.

    Жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,

    Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

    Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,

    Ғасырдың тойы болшы келе берер!

    «Атамекен» әні хормен орындалды.

    Жүргізуші: Осымен «Біздің Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

    Мерекелерініз құтты болсын!

     

    29.11.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    Полезные ссылки