Меню KDT

logo.png?_=1675674764


"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
  • kz
  • Все новости

    Қош келдің, Жаңа жыл

    Қош келдің, Жаңа жыл

    Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

    Екі жүргізуші ортаға шығады.

    І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!

    ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

    І жүргізуші:

    Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

    Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

    Тышқан жылы кеп қалды ортамызға,

    Жақсылық пен жалғассын жаңа уақыт.

     

    Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

    Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

    Бірімізге шынайы тілек тілеп,

    Бар әлемге бақытпен жар салайық!

    ІІ жүргізуші:

    Жаңа күнде ән қылып,

    Тек жүреміз сән құрып.

    Көңілдердей қартаймай,

    Шырша тұрар мәңгілік!

    (І жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

    І жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

    ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

    І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Сердалина Алмагүл Сәбитқызына береміз.

    IІ жүргізуші: Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз,

    Бабалардың аманатын ақтаймыз.

    Қазақстан мәртебесін көтеріп,

    Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз. Құттықтау сөзін  кәсіподақ ұйымының төрайымы Усина Марфуға Шайкенқызына береміз.

    ІI жүргізуші: 

    Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
    Баратын болашаққа білек түріп.
    Әдемі тілектерге қол соғамыз,
    Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

    ІІ жүргізуші:  Өзінің құттықтау әнімен ортаға әншілеріңіз Алмаз келіп тұр екен, қарсы алыңыздар!

    Музыка қосылады. Бірақ әнші әнді айтпайды.

    Әнші: О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақшақар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақшақар келмей, мен ән айта алмаймын.

    ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақшақарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

    ІІ жүргізуші: Ақкиімді, денелі, ақсақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.

    Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

    ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

    Аяз ата келеді. Қасында Ақшақары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.

    Аяз ата: 

    Сендерге  көк жүзінен нұрдай болып,

    Жауғанын жапалақтап көріп қардың,

    Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

    Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

    Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақшақар екеуіміз сонау солтүстіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

    Ақшақар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

    ІІ жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақшақар. Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншіміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.

    Аяз ата:

    Келтірейін сәніңді.

    Бұзба енді мәніңді.

    Әнші балам, тоқтама,

    Шырқап жібер әніңді.

    Алмаз ән салады. Ән айтылып болған соң Аяз ата әншіге сыйлығын береді.

    ІІ жүргізуші:  Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ. Сіздер жайғасып отырыңыздар.

    І жүргізуші: Ендеше ортаға 6-сыныптың әнші қыздарын шақырайық. Қарсы алыңыздар!

    Аяз ата:

    Тамаша, тамаша,

    Күн туылды жаңаша.

    Тамсанады барлығы,

    Өнеріне қараса.

    Тамаша, тамаша!!!

    Ақшақар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.

    Сыйлықтар беріледі.

    І жүргізуші:  

    Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды. Аяз ата, бізде өнерлі, әзілқой жастар да бар еді. Солардың бірі сізге және Ақшақарға, Жаңа жылға арнаған әзілдерін көрсетсек деп тұр, қалай қарайсыз?!

    Аязата: Әрине, көрсек көрейік.

    Өнерлеріне бір тамсанайық!

    ІІ жүргізуші: Ортаға 10-сынып оқушыларын  әзілдерімен  ортаға шақырамыз.

    Ойын:                                                     

     I жүргізуші: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,                                                                           Көңілдене қосыл сән мен жырға.                                                                                     Қыс қызығы басылмай ұласады,

    Қуаныш көп болсын жаңа жылда.                                                                                                    II жүргізуші: 5-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. Ән «Жаңа жыл»

    I жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,                                                            Ақ мамыққа  бөлеп алды маңайды.                                                                                                                            «Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,                                                                                                                                                                                                                                                             Қанаттана кеп алқапқа тарайды.                                                                                                                                  I жүргізуші: 8-сынып оқушыларының Жаңа жылдық  биін тамашалаңыздар.

    II жүргізуші : Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік,                                                                                                                                                   Баратын болашаққа білек түріп.                                                                                                                                    Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,                                                                                                              Әлемге  жақсылықтар тілеп тұрып.                                                                                                                                         I жүргізуші: 9-сынып оқушыларын «Жаңа жыл» әнімен қарсы алайық.                                                                                                    I жүргізуші: Мектебіміздің бишілерін шақырайық,

    Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.

    Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,

    Қол соғып биік шыңға самғатайық - дей отырып, кезекті 7-сыныптың әдемі биіне  берейік.

    II жүргізуші: Ойын:

    Аяз ата: Кәне, бүлдіршіндер арасында  өз өнерлерін көрсетем деушілер  бар ма, келе қойыңдар, менде сыйлықтар көп.

    I жүргізуші: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

    Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.

    Қыс қызығы басылмай ұласады,

    Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

    Кәне, баршамыз ортаға жиналып, әсем шыршамызды айнала шырша жырын айтайық.

    Оқушылар шыршаны айнала ән айтады.

    Енді осындай көңіл күймен кешімізді әрі қарай жалғастырамыз. Ортаға 6-сынып оқушыларын әсем билерімен қарсы алыңыздар.

    I жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.                                                                                                                      Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.                                                                                                                                     Құт болып береке бер халқымызға                                                                                                                    Мерейін мәртебесін биікке асыр. Ортаға  8-сынып оқушыларын шақырамыз

    Ән: «                                                                                      »

    IІ жүргізуші:Ал енді кезекті тағы бір қызықты әзілге берейік. 9-сынып оқушыларын «                                                        » әзілімен қарсы алайық.

    I жүргізуші: Дөңгеленіп тұрайық,

    Ойын сауық құрайық.

    Ән шашуы шашылсын,

    Жаңа жылға ылайық. 10–сынып оқушыларының жаңа жылдық әнін қабыл алыңыздар.

    Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп көп рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

    Жаңа жыл жаңа бағыт, әкелсін далама құт.

    Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.

    Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.

    Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.

    Сыйлық әкеп сендерге, көптен-көптен берермін.

    Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.

    Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.

    I жүргізуші: Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

    II жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз де сізді асыға күтеміз.

    (Аяз ата, Ақша қар кетеді)

    I жүргізуші: Құрметті достар!

    II жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

    I жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған  тоқшылықта болайық.

    II жүргізуші:   Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңдар!

     

     

     

    28.12.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    Полезные ссылки