Меню KDT

logo.png?_=1675674764


"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
  • kz
  • Все новости

    Ботай мәдениеті

    Ботай мәдениеті

    Ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы - жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында.

    Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы.

    Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжаржебеніңнайзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпунинежуалдызтескіштертұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.
    Ботай мәдениеті жайында мағлұмат беріп, таныстыру мақсатында  мектебімізге Ботай музейінің қызметшілері келіп, оқушыларымызға біраз мәліметтер тарқатып, Ботай жәдігерлерімен таныстырды. Сұхбат ұйымдастырылып, жәдігерлердің тарихы жайлы әңгімеленді. Оқушыларымыз алған әсерлерімен бөлісіп, келген қонақтарымызға шексіз алғыстарын білдірді.

    17.01.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    Полезные ссылки