Меню KDT

logo.png?_=1675674764


"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
  • kz
  • Все новости

    Ашық тәрбие сағаты.Туған елге тағзым.5-сынып

    15-қаңтар күні Туған елге тағзым тақырыбында 5-сыныпта ашық тәрбие сағаты өтті

    Сабақ тақырыбы: «Туған елге тағзым»

    Сабақ мақсаты:

    Білімділік:Отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, ата- бабаларымыздың тереңде жатқан тарихымен таныстыру;

    Дамытушылық: оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін дамыту, бірін –

    бірі тыңдап түсіну, құрметтеу дағдыларын қалыптастыру;

    Тәрбиелік: оқушылардың бойында Отан, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін ,тілін, әдет- ғұрпын құрметтейтін жаны таза , адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.

    Сабақ көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, интерактивті тақта,

    суреттер

    Сабақ түрі: Сайыс сабақ

    Әдіс – тәсілі: пікір алмасу, сұхбаттасу,

    Сабақ барысы:

    І Ұйымдастыру кезеңі

    1. Мемлекеттік Әнұранды орындау
    2. Шаттық шеңберін құрау: Оқушылар қолдарын ұстасып, бір – біріне жақсы тілектер тілейді.

    Кіріспе сөз:

     Мұғалім

    «Туған ел»  ұғымы адам жанына жылылық ұялататын  өте ыстық  ұғым. Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін , туған жерін  сағынбаған жан болмаған. Туған елге деген сүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкамен, суретшілер әсем бояумен , ал ақындар еліне , жеріне, атамекеніне  деген сүйіспеншілігін, махаббатын жыр жолдарымен , өлеңмен өрнектеген.

     

    Слайд: «Туған жерге тағзым»

    Біздің Отанымыз- егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті.Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде , кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген  мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп , оның көкбайрағын көкке көтеріп, еңселі елтаңбасын айқындатып,әнұранын асқақтата шырқауды мақтаныш тұтады.

     

    І тапсырма Тест сұрақтарын орындау:

    1. Қазақстан Республикасының Егеменді мемлекет болған жылды көрсет

    С) 1989 ж. 1 мамыр У) 1992 ж. 1желтоқсан

    Т) 1991 ж. 25 қазан Х) 995 ж. 30 тамыз

     

    2.Қазақстан қай кезден Тәуелсіз Республика деп танылды?

    С) 1990 ж. 25 қазан У) 1991 ж. 16 желтоқсан

    Т) 1991 ж. 25 қазан Х) 1991 ж. 16 қараша

     

    1. Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер.

    Г) Астана, парламент Д) Байлығы, шекарасы

    Ғ) Ту, елтаңба, әнұран Ж) Валюта, қолөнері

     

    1. Елтаңбада бейнеленген киіз үйдің бөлігі

    А) шаңырақ Б) уық

    Ә)кереге В) іргетас

     

    5.Мемлекеттік Тудың авторы кім?

    Н) Ш.О Ниязбеков П) Ш. Қалдаяқов

    О) Ш. Уәлиханов Р) Ж. Мәлікұлы

     

    1. Биыл Астана қаласының неше жылдық мерейтойы тойланды?

    Ж) 10 З) 5 И) 15 К( 20

     

    1. 7. Көп аузынан түспейтін

    Отан деген немене?

    Оның тұлға, түс – кейпін

    Достым, білгің келе ме?

    Отан – сенің ата- анаң,

    Отан – сенің, бауырың.

    Отан – өлкең, астанаң

    Отан- аудан, ауылың.

    Отан- тарих, отан- тіл,

    Жасаған елің, ер халқың,

    Отан –өлең, Отан –жыр,

    Көтерген көкке ел даңқын

    ( Кімнің өлеңің?)

    Д) М. Мақатаев Ж) М.Шаханов

    Е) Б. Ысқақов З) Қ. Мырза Әлі

     

    1. Отан туралы мақалды көрсет:

    М) Білекті бірді жығар, С) Батырды намыс өлтірер,

    Білімді мыңды жығар Қоянды қамыс өлтірер

    Н) Жақсы жаныңа жолдас, Р) Туған жер - алтын бесік

    Жаман малыңа жолдас

     

     

     

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    Т

    У

    Ғ

    А

    Н

    Ж

    Е

    Р

     

     

    ІІ тапсырма

    Қазақтың көрнекті ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев:

    Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,

    Ағынды асқар тау, гүлін сүйем.

    Мен оның қасиетті тілін сүйем,

    Мен оның құдіретті үнін сүйем.

    Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

    Бәрі маған «Отан!» -деп сыбырлаған.

    Жаным менің ,

    Кеудемді жарып шық та,

    Бозторғайы бол оның шырылдаған!

    Отан!

    Отан!

    Бәрінен де биік екен.

    Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем ,- деп жырлап өткендей, Отанын сүймейтін, туған жерін ардақтамайтын адам – тірі жәндік. Келесі тапсырмамыз Отан, туған жер туралы өлең шумақтарын жатқа айту.

     

    Фариза:      Менің елім – Қазақстан жүрегім

    Тек өзіңсің Отан ана тірегім

    Аман болсын, Отан ана, тірегім

    Тәңірден осы менің тілерім

    Бірғаным: Мен қазақпын, ұланымын елімнің

    Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

    Ұланымын туын көкке көтерген

    Қиындығын қазағымның әрқашан

    Қайыспайтын қара нардай көтерген.

    Мөлдір: Сен неткен Отан Анам ғажап едің

    Әспеттеп көркем тілмен жазар едім

    Болашақ ұрпағының бақыты үшін

    Жайнай бер, Ұлы Отан қазақ елім,

    Диас:  Кең көз жетпейтін жерім менің

    Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің

    Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

    Тәуелсіз Қазақстан елім менің

     Бірғаным:      Біз Қазақстан елінің ұрпағымыз. Осында туып, осында өсіп білім алып келеміз. «Отан» деген ұғымды біз де ерекше түсініп, ерекше мән береміз. Сондықтан, біздің туған елге деген, Отанға деген, кіндік кескен жерімізге деген сүйіспеншілігіміз зор.

     

    Фариза:  Мен қазақпын ұланымын елімнің,

    Мен қазақпын тірегімін елімнің.

    Ұланымын туын көкке көтерген,

    Қиындығын қазағымның әрқашан.

     Диас:   Қазақстан туған өлкем,

    Жер көппе сендей көркем.

    Көрсін деп күллі әлемге,

    Жалауыңды желге желбіретем.

     Мөлдір:    Аялап ару ананы,

    Өсірген еркін баланы.

    Бесігің болып тербеткен,

    Отаным – Қазақстаным !

     

    Бірғаным:

    Туған жер – киелі орын . Отан- ошақ басынан басталады. Туған жер-туған көше, туған қала, кент. Менің ауылым  кішкентай болса да мен үшін аса қымбат. Ол-Дауқара ауылы. Дәл осы жерде мен дүниеге келдім. Тәй-тәй бастым, тілім шықты, балабақшаға бардым. 1 сыныпты  да осында бастадым. Қазір 5-сыныпта жақсы оқып жатырмын. Балалық шағым көңілді, шаттықта, уайымсыз өтіп жатыр.

     ІІІ тапсырма: Қазақстан Республикасының Туы, авторы туралы мәліметтерін ортаға салу.

    Көк аспанда көкпеңбек

    Қазақстан жалауы.

    Көк емес ол тектен тек,

    Елдің ашық қабағы.

    Ақниетті алтын күн,

    Асқақ арман-қыраны.

     

    ІҮтапсырма: Мақал – мәтел сайысы. Отан, туған жер туралы мақалдар айту. Қай топ тоқтап қалса немесе айтылған мақалды қайталаса, сол топ сайысты тоқтатып, жеңіліске ұшырайды.

    Мақалдар:

    Отан оттан да ыстық.

    Туған жердей жер болмас,

    Туған елдей ел болмас.

    Туған жер – алтын бесік.

    Басқа елде сұлтан болғанша,

    Өз еліңде ұлтан бол.

    Туған жерің – анаң, басқа жер- өгей анаң.

    Елден айрылған көмгенше жылайды,

    Елден айрылған өлгенше жылайды.

    Адамда бір ғана Отан, бір ғана ана бар

     

     

    Ү тапсырма:

    Топтастыру стратегиясы

    Отан атамекен үйің

    Туған жер


    елің топырағың

     

     

    қасиетті жер кіндік қан тамған жер киелі мекен

     

    ҮІтапсырма: Үй тапсырмасы. Әр топ өз өнерлерін көрсетіп,өздерін елінің

    өнерлі болашағы екенін дәлелдеу.

    ҮІІ тапсырма. Топ басшыларымен сұхбат.

    Әр топ басшыларымен жеке сұхбат өткізу

    1 топ басшысына сұрақ:

    • Кемелденген еліңіздің болашағы үшін не істер едіңіз?

    2 топ басшысына сұрақ:

    • Егер сіз Қазақстан Республикасының Президенті болсаңыз алдыңызға қандай мақсат қояр едіңіз?

    3 топ басшысына сұрақ:

    • Егер сіз Білім Министрі болсаңыз өз бағдарламаңызға нелер енгізер

    едіңіз?

     

    Сайысымыздың қандай нәтижеге ие болғанын ұпай санымен анықтап, жеңім-паз топты марапаттау.

    Қорытынды сөз :

    Туған жер – өздерің дәлелдегендей киелі де қасиетті мекен. Өз жерімізде

    көк туымыз желбіреп, әнұранымыз орындала берсін. Тұғырымыз мықты болып,

    келешек ұрпағымыздың көкейінде туған жерге деген сүйіспеншілік алауы мәңгі

    лаулап, жалындай берсін.

    «Атамекен » әні орындалады

    15.01.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    Полезные ссылки