СҚО, Айыртау ауданы
«Дауқара орта мектебі» КММ
Химия пәні мұғалімі
Дюсенова К.К.
АКТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың -танымдық қабілетін дамыту жолы
Мұғалімнің қоғам өмірінде алатын орны мен олардың атқарып отырған міндеттерінің айрықша маңыздылығын тұнғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең елжанды, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті. Мен де химия пәнінің мұғалімі ретінде осы оймен толықтай келісемін.Яғни әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, заманауи әдіс-тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы қажет.
«Қазақстан республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жасалды.Бұл бағдарламаның проблемасының бірі – оқытудың инновациялық технологиялары толық көлемде қолданылмайды.Оқушылардың ақпараттық технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі.Әлемдік білім беру интернет-ресурстарына мектептердің қол жеткізу көрсеткіштері төмен болып қалуда.Электрондық оқыту жүйесінде тек 1075 мектеп тартылған.
Жаңартылған білім мазмұнына көшу аясында оқушылардың кең ауқымды дағдыларын дамыту өзекті мәселелердің бірі. Менің ойымша, ақпараттық құзіреттілігі дамыған оқушының пәндік дағдысы да жақсы дамиды. Химия пәні күрделі кіріктірілген пәндер қатарына жатқандықтан, мен сабағымда оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін (уәж, тапсырмалар, қолдау, т.б.) АКТ мүмкіндіктерін пайдаланамын. Мұғалім мамандығын таңдап, еңбек еткеніме 29 жыл болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған ұзақ еңбек жолындағы өмірілік ұстанымым - әрқашан шығармашылық ізденісте, ой қозғалысында болу. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың көптеген әдіс-тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдаланып келемін.
Менің әдістемелік тақырыбым: «Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту».
Өзекітілігі: Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген міндеттердің бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру.
АКТ-ны химия сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазба жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылырдың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді.
Мен осы АКТ құралдарын 8-сыныпта өткізген сабақтарымда бағдарламалық жасақтамаларды сабақтың кезеңдерінде қолдануын айта кетсем.
Жаңа материалды игеру.
Тізбектей өткізген үш сабағымның біріншісінің тақырыбы: «Металдар белсенділігін салыстыру» болатын. Бұл сабақ жаңа тараудың бірінші тақырыбы болғандықтан жаңа сабақ болған еді. Сондықтан жаңа сабаққа қатысты графиктерді, суреттерді көрсету үшін интерактивті тақтаны қолдана отырып, материалды түсіндірдім. Сонымен қатар сабақ барысында графиктерді бейнелейтін арнайы Advanced Grapher бағдарламасын да қолдандым.
Химия сабағында білімді тереңдете меңгерту мақсатында бейнероликтерді де қолдану кең үрдіс алып отыр. Сондықтан өз сабақтарымда сергіту сәтінде немесе оқушыларға химия сабағы не үшін керек деген сұрақтарына жауап алу мақсатында интернеттен алынған бейнероликтер арқылы өз ойларын қалыптастыруға жол ашып отырдым.
Жаңа сабақты игеру барысында қолданған тағы бір АКТ құралдарының бірі гипермәтіндік технологиялар. Атап айтсақ, bilimland.kz, sko.agartu.kz, ustaz.kzсайттарындағы химия бөліміндегі ресурстарды тиімді пайдаландым.
Тақырып бойынша оқу дағдысын игеру.
Бірінші сабақта оқу материалының презентациясы бар проекторды дыбыссыз қолдана отырып,оқушының өздері дыбыстануына жол берілді. Бұл әдісті қолдану барысында топтағы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арта түскені анық байқалды.
Тізбектелген екінші сабағымда осы әдісті мультфильмді дыбыстауға қолданған кезде оқушылардың анық жұмысқа кірісе отырып, осы дыбыстау үрдісіне қызығушылықтарын көрдім. Топтағы әр түрлі деңгейдегі оқушылардың дыбыстау үрдісіне қатысуы тең дәреже болды.
Білімді бақылау.
Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдердін тексеру (компьютер тапсырманың орындалу пайызын, қателерді және бағаларды көрсетеді).
Сабақ барысында MyTest, Kahoot! бағдарламаларында тесттік сұрақтарды алдын ала жауаптарымен дайындап алып, оқушыларға тест сұрақтарына жауап беруге ұсындым. Келесі сабақтарға балалар өздері осы бағдарлама арқылы тесттік тапсырмалар дайындап әкелді, тест тапсырмасын орындауға қызығушылықтары арта түсті.
Оқушыларымның білім сапасын көтерумен жыл сайын жұмыс істеп келемін. Жұмыс нәтижесінің көрсеткіші:
2016 – 2017 оқу жылында білім сапасының көрсеткіші - 66%,
2017 – 2018 оқу жылында білім сапасының көрсеткіші – 82%,
2018 – 2019 оқу жылында білім сапасының көрсеткіші – 85%
Осы айтылғандардан химия сабақтарында компьютерді қолдану кезінде күтілетін нәтижелерді тұжырымдауға болады:
Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - шығармашылық. Мен өз шығарамашылығым арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырамын. Ал менің мақсатым - оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу.
Химияны оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолында ақпараттық технологиялар, сыныптан тыс жұмыстар арқылы жүзеге асырудамын.
Пәндік аспектіні ашарда ақпараттық құрылғылар ғана емес, сонымен қатар ақпаратты өздігінен іздеу, саралау, ұсыну да маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстар танымдық дағдыны ғана емес, сонымен қатар зерттеу дағдыларын да дамытады. Оның дәлелі ретінде жыл сайынғы қашықтық интернет олимпиадаларға оқушыларымның көптеп қатысуын айтуға болады.
Мәселен, ККО олимпиадасына 2018 жылы Баймағанбетова махаббат пен Сұрған Аяжан қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Абаева Айжанар,Алдан Аружан,Күзембай Назерке,Құнанбай Данияр және Сұраған Аяжан сертификатқа ие болды.
2019 жылы қызығушылығын білдірген бұл қатар ұлғая түсті:
CLEVER олимпиадасына Сұраған Аяжан,Просвещение орталығы ұйымдастырған олимпиадаға Қалымова Гүлзат қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды және сертификатқа ие болды.
«Лидер ХХІ века» орталығының ұйымдастыруымен өткен олимпиадаға Нұрпейіс Каусар мен Сұраған Аяжан қатысып 1 орынды иеленді.
Миницентр «Аквамарин» орталығы ұйымдастырған олимпиадаға Құнанбай Мадияр,Абаева Айжанар,Қалым Мөлдір және Биттитай Диас қатысып 1 орынды және Күзембай Назерке мен Балхаш Айғаным 2 орынды иеленіп дипломмен марапатталды.
Армансыз адам қанатсыз құспен тең демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, замануи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. Мен де осы қасиеттерді бойыма дарытуға тырысып, тәжірибемді арттырып,үздіксіз білім алудамын.
Атап айтатын болсам, ұстаздарға арналған олимпиадаларға жыл сайын қатысамын, 2018 жылы ККО-олимпиадасында ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталып және алғыс хатқа ие болдым.
2019 жылы «CLEVER» , «Педстарт» , «Просвещение» республикалық қашықтық олимпиадаларына және «Үздік сабақ жоспары» сайысына қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталып ,сертификат иелендім.
Мини центр «Аквамарин» олимпиадасына оқушыларды дайындағаным үшін мақтау қағазымен марапатталдым.
«Дарабоз» оқу орталығының ұйымдастыруымен 26-қыркүйек–11 қазан аралығында өткен Республикалық «Үздік сабақ жоспары» конкурсына қатысып, жүлделі 1 орынға ие болып,дипломмен марапатталдым.
Көпұлтты елде өмір сүріп отырған қазіргі жағдайда бір тілді ғана білу жеткіліксіз екені анық. Дана халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген мақалы дәл осы бүгінгі жаһандану, киберкеңістікке шығу заманына дөп келгендей. ҚР тұңғыш президент Назарбаев.Н.Ә жеті тілді талап етпесе де, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12-сессиясында «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет» — деп, тілдердің үштұғырлығын міндеттеп берді. Осы орайда үштілді игеру мақсатында Назарбаев университеті ұйымдастырған ағылшын тілі курсын оқып 2017-А2, 2018-В2 –сертификат алдым. Мен сабағымда ұйымдастыру кезеңінде, жаңа терминдер өткен кезде АКТ технологияларын қолданып, ағылшын тілін игертудемін.
Оқушыдарды ҰБТ-ға дайындау кезінде сапалы нәтиже көрсету үшін, ақпараттық технологияларды көп пайдаланамын. Тірек сызбалар, формулалар, есептердің алдын ала шығару жолдарын флипт чаттарға сақтап, тест сұрақтарын оқушылардың флешкаларына салып таратам. Ent. 5plus.kz,megamozg.kzпрограммалары арқылы онлайн тест тапсырмаларын орындап, есептердің шығару жолдарын қарастырады. Оқушылармен үзбей қарым-қатынаста болу үшін WhatsApp Web, Telegram web мессенджерлерінде ортақ конференцияларды құрдық. Онлайн курстарға қатысып, дайындық жүргізем.
Қорытындылай келе, заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беру біздің міндетіміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Осындай жұмыстың нәтижесінде ҰБТ көрсеткіші сәл арта түсті.
Оқушылардың химия пәнінен білім сапасының мониторингі:
Диаграммада көрсетілгендей: 2018-2019 ж.ж білім сапасы 20% артты
Әдебиеттер:
2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 372 б.
Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА келесі әдістемелік нұсқаулар әзірлеген: