Сынып | 10 | Күні | Уақыты | |
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» | ||||
Тақырыбы | Ашық тәрбие сағаты: Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ | 22.01.2020 |
| |
Мақсаты | Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. | |||
Мақсаты мен міндеттері:
| - Рухани жаңғыру құндылықтарын ілгерілету; - қоғамдық сананы жаңғыртуға деген Тұңғыш Президенттің көзқарасынмен таныстыру; - білім алушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру; - Үшінші жаңғырту контекстінде тұлғалық өсу жобаларын, идеяларын қалыптастыру. | |||
Оқушының қабілеті | Жалпы адамзаттық,мәдениет аралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдыларыдамыған, отансүйгіш тұлға. | |||
Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары | 1. Әріптестік; 2. Азаматтық жауаптылық; 3. Ашықтық. | |||
Мектеп миссиясымен үндестігі | Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру. | |||
Жаһандық азаматтық тұлғасы | Өз Отанын қатты сүйетін, әлем халықтарын мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлай білетін, әлемді дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлға. | |||
Көрнекіліктер | 1. Интерактивті тақта, бейнебаян, түрлі-түсті парақшалар, макеттер,ноутбук | |||
Барысы: | Ұйымдастыру кезеңі. - Құрметті педагогтар! Қош келдіңіздер! Ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! | |||
Сабақ кезеңдері | Жұмыстың түрі | Ресурс
| ||
Сабақтың басы | Тренинг -«Мені таны…..»» атты тренинг өткізу. ( шеңберге тұрып , өз есімін айтады , оған қоса есімін қай әріптен басталса соған сәйкес сөз айтады ) | Қорабша, суреттер | ||
Сабақтың ортасы | Бейнеролик көрсетіледі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2019-2020 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басты ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады 1. 21 ғасырда бәсекеге қабілетті болу үшін мен үшін қандай қасиеттер қажет? 2. "Барлығы сияқты" немесе "басқалардан нашар емес" стереотипі және сіздің шығындық іс-шараларға (бітіру кештері, қонақтарды қабылдау, үйлену тойлары және т.б.) көзқарасыңыз. 3. 21 ғасырда табысты алға жылжу үшін менің халқымның мәдениетінде не сақтау және дамыту қажет? 4. Мен үшін не маңызды – диплом немесе білім, менің білімім менің еліме қалай көмектеседі? 5. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіне менің жеке үлесім қандай? 6. Қазақстанда мерекелердің ауысуы неге орын алады (мысалы, неге жас антифашист күнін немесе пионерлер күнін атап өтпеді және неге әулие Валентин күнін немесе хэллоуин күнін атап өтті)?
Топтық жұмыс 1-тапсырма «Рухани жаңғыру» Білімнің салтанат құруы Зияткерлік тапсырма. «Ойлан. Тап» стратегиясы Отан, Туған жер туралы мақалдарды толықтыру керек. 1. Отан — … да ыстық. (оттан) 2. Туған жерге … тік. (туың) 3. … көлін аңсайды,… туған жерін аңсайды. (Аққу) (Ер жігіт) 4. Туған жердің … де ыстық, … де ыстық. (күні) (түні) 5. Отан … басталады. (отбасынан) (бесік). 7. Абыройлы анаң да – Отан,… әкең де – Отан. (Асқар тау) 8. … өскен жерінде,Адамның жаны – туған елінде (Ағаш) 9. Туған жердің … да тәтті. (жуасы) 10. …– көлінде патша,…– суында патша,…– елінде патша. (Бақа) (Балық) (Ер жігіт) 2--тапсырма. «Рухани жаңғыру» Бәсекеге қабілет «Суреттерді пайдалан» стратегиясы Коллаж жасау (Менің елім) суреттер арқылы 3-тапсырма «Рухани жаңғыру» Ұлттық бірігейлікті сақтау Отан, туған жер туралы өлең оқиды,әндер айтады. 4-тапсырма «Рухани жаңғыру» Сананың ашықтығы «Мен елімнің патриотымын» Үш тілде мәтін жазу. 5-тапсырма «Рухани жаңғыру» Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Бұрынғы мектеп пен қазіргі мектеп 6-тапсырма : «Рухани жаңғыру» Прагматизм Болашақ Қазақстанның суретін салу. | https://www .youtube. com/watch?v =bAt3v6T3WNk
Сұрақтарға жауап алу
Кеспе қағаз.
Суреттер, ноутбук
Өлең жазу
Мәтін плакат
Маркер, Плакат
Маркер, плакат | ||
Рефлексия
Сабақтың соңы | «Соңғы сөзді мен айтайын .....» стартегиясы 1-оқушы: 1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. 2- оқушы: 2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. 3- оқушы: 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 4- оқушы: 4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді 5- оқушы: 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді. 1-оқушы: 6. Сананың ашықтығы Біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. 2-оқушы: Екіншіден, Ол жаңа техологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. 3-оқушы: Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Ән « ----------------------------------------------------- » Камила | Макет
| ||
Қорытынды
| «Мәңгілік Ел» ұлттық идея Елбасымыз өз жолдауында төмендегілерді айтты: Мәңгілік Ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман- әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман-тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Ол сабақтың түйіні біреу ғана-Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін біздің үнемі қамшылап, ұдайы алғы ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. |
| ||
Бағалау | Оқушыларға « Жақсы», «Өте жақсы» деген медальдар беріледі | Медаль |