Мақсаты: Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сыни тұрғыдан ойлау,топтастыру жұмысы,ой бөлісу, Презентация /слайд/
Пайдаланатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта,кеспе қағаздар,суреттер, слайдтар.
Түрі: Тренинг-сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
а.Сәлемдесу
ә.Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару
Барысы:
Шаттық шеңбері
Орнымызға жайғасайық.
ІІ.Негізгі бөлім: Тақырыпты ашу
Мұғалім: Қымбатты оқушылар,бар назарымызды тақтаға аударайық та, сұрақтарға жауап берейік. 1-слайд: Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер? Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады? Адамда асыл қасиеттерімен қатар қандай жағымсыз қасиеттер болады?
Міне оқушылар,бүгінгі сабақтың тақырыбын аштық.Сонымен сабақтың тақырыбы «Адамның– асыл қасиеті» .
Қызығушылықты ояту:
2- слайд: Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек». (Абай) Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,сонан қашпақ керек» деп үйретеді. «Әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық. Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны.
3- слайд. Видео-ролик
4-сдайд. Ана айтты бір өсиет баласына
Бір жолдың шығарып сап саласына.
Ей, балам шамаңкелсежақсылықет,
Ақпейіладамзаттыңарасына.
Егердежолүстіндетікенжатса,
Кірердепаяғынабіреубасса,
Ерінбей-ақиіліпқолыңменен
Солтікендікөтеріпалыптаста.
Бұлеңбегіңқалмастыбасқа, бекер
Соныкөргенсоңғыжассолайетер.
Жақсыүлгініжалпыжұртдәстүржасап,
Жолтазарыпжолаушыжолданөтер.
5-слайд. Ойқозғау
АдамгершіліктуралыҰлыАбайдың
Бес нәрседенқашық бол,
Бес нәрсегеасық бол,
Адам боламдесеңіз, дегенөлеңжолдарынқалайтүсінугеболады? Олқандайқасиеттер?
1-топқа Адам неденжиренукерек?
2-топқа Адам неге үйренукерек?
6-слайд: Әдеп туралы тыйым сөздер:
-Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаңа салып тұрма.
-Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап , тақалып тұрма, ыржалаңдап күле берме немесе мөлейіп тұрма.
-Үйде отырып ысқырма.
-Тамақ ішкенде ашкөзденіп, қомағайланып кетпе.
-Бас каиімді теппе, айналдырма, аяқ астына тастама.
-Малды бастан ұрма.
-Жасы үлкеннің алдын кеспе.
-Кемтар адамға күлме.
7- слайд: Ой толғау
Екі топқа тапсырма беріледі.
1-топ Сәлемдесу әдебі.Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлем береді. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау – мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысық боп тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп әдеп сақтауы керек.Мысалы кейбір оқушылар өздеріне сабақ бермейтін оқушылармен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, және мәдениетсіздік деп ойлаймын.
2-топ Сөйлесу әдебі. Сөйлескен адамға үнемі ілтипат білдіріп,көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде алаңдап,жан-жағына қарау, теңселу, сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай-ақ асығыс тез сөйлеу, мақтана сөйлеу, қатты сөйлеу, сөзді бұзу, аяғына дейін тыңдамау-әдепсіздіктің белгісі деп ойлаймын.
8-слайд: Адалдықтың белгісі:
Арамдыққа құл болма, адал болсаң,
Әлсіздерді қинама, адам болсаң Н. Хисрау
Видео-ролик
9-слайд: Проблемалықжағдаяттарданшығыпкөрейік:
1-топ: Сен өтеасығыссың. Себебі, сабаққаүлгеруіңқажет. Көшеде бала жетектепкележатқанкісініқағыпкеттің. Олкісіқұлаптүсті, немересіқорыққанынанжылапжіберді. Сеніңәректің?
2-топ: Сағананаңөзіжұмыстанкелгеншеүйдіжинастырыпқоюдыөтінді. Сен достарыңменойнапжүріпбұлөтініштіұмытыпкеттің. Анаңжұмыстанкеліпөзіүйдіжинап, сыпырыпқойды.Сенкелгендеанаңренжуліеді. Сеніңәрекетің?
10- слайд: Қорытынды: Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.
Жақсы болу өзіңнен,
Мен қандаймын деп ойла.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен
Жақсылық көрсең біреуден,
Жаман болу өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
11- слайд: Бар ынталарыңызбен қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын! Өмірдеәрқашанжолдарыңызболсын! Сәттіліктежүздесейік!