Меню KDT

logo.png?_=1675674764


"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
  • kz
  • Все новости

    «ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ – МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ»

    03-12.ақпан аралығында өткен онкүндік.

    2019-2020 оқу  жылының 3-12 ақпан аралығында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен  «Өзін-өзі тану» пәнінің «Махаббат пен шығармашылықпедагогикасы» атты тақырыбында онкүндік өткізілді.

    Мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа,татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты, бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

    Алғашқы күні ашылу салтанаты барлық оқушы, мұғалімдер арасында таныстырылды. «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру  жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева туралы, өмірбаяны, еңбек жолы туралы слайд көрсетілді. Оқушылар өзін – өзі тану туралы өлеңдер жаттады, жоғары сынып оқушылары «Өмір» атты сахналық көрініс көрсетті. 

    3 – 12 ақпан аралығында кітапханада «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылыды.

    Өзін-өзі тану пәнінің мектеп бағдарламасына енуі - Тәуелсіздіктің тәтті жемісі. Рухани-адамгершілік тәрбиесі - Адам болып қалыптасуының алғы шарты. Білім беру жүйесінде балаларды адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым қатынас нормаларымен таныстыру, азаматтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту осы пәннің еншісіне тиді. Бұл істе – Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбегі орасан! Үлкен жүректі Ел Анасының, сүйіспеншілік пен махаббатқа негізделген ойлары мен тұжырымдарының жемісі. Өзін-өзі тану бағдарламасының авторы С. Назарбаеваның өмірі мен шығармашылығы, еңбегі, «Бөбек» қоры, жалпы оқушылардың бойында рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Мейірім төгетін ана» тақырыбында мектебіміз кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрме 10күн бойы жалғасты. Оқушылар мейірімділік, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін дәріптейтін әдебиет- кітаптармен танысты.

    4 ақпан күні сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу мақсатында 2-4 сыныптарда «Балаға жүрек жылуы» тақырыбында өзін –өзі тану пәні мұғалімдері сабақ өткізді.

    5ақпан күні оқушылардың өлеңге деген қызығушлығын арттырып, мәнерлеп оқу, сахнада өзін – өзі дұрыс ұстауға баулу мақсатында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Оқушылар өз шығармашылығынан өлеңдерін оқыды. Белсенді қатысқан оқушыларға алғыс хаттар берілді. Жоғары сынып оқушылары арасында «Ізгілік – адамның басты рухани – адамгершілік құндылығы» атты дебат өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлінді.

    1 - «Мейірімділік» тобы                                                                     

    2 - «Сүйіспеншілік»  тобы

    Екі топта пікір – сайысқа белсене қатысты. Оқушылар өз ойларын ашық айтуға, пікірлерін толық жеткізуге әрекет жасады.

    6 ақпан күні оқушылардың музыка сабағынан алған білімдерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, қазіргі таңдағы өнерге деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында музыка пәні мұғалімі «Ән – көңілдің ажары» атты фестиваль байқауды және шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу мақсатымен дене шынықтыру пәні мұғалімдері спорттық ойындар ұйымдастырды.

    7 ақпан күні әлеуметтік педагог пен психологтың  бірлесуімен «Жүректен -жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

    10 ақпан күні оқушылардың  «сүйіспеншілік»  жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің» мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту мақсатында 9-11 сыныптар оқушыларымен «Сүйіспеншілік-өмір негізі» тақырыбында сабақты өзін-өзі тану пәні мұғалімдері өткізді.

    11 ақпан күні өткен іс-шараларды әлеуметтік желілерге салынды.

    12 ақпан күні «Өзін-өзі тану» пәнінің «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жабылуы өткізіліп, қорытынды шығарылды.

     

     

     

     

    Орындаған: «Өзін – өзі тану» пәні мұғалімі Г.Киманова

     

    03.02.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    Полезные ссылки