Жас мамандар апталығының соңғы күнінде мұғалімдер мен оқушылар арасында дебат ойындары өтті. Ойынды қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Курмаш Д.К өткізді. Қатысушылар төмендегі тақырыптар бойынша жұпталып, ойын көркін қыздыра білді.
1.Бұл палата Бақытты ақшаға сатып алуға болады деп есептейді.
2.Бұл палата 18 жастан кейін ата-ана балаға қаржылай, материалдық көмек көрсетпеуі керек деп есептейді.
Ақтық ойынның тақырыбы «Бұл палата жастар ауылға қайтіп келіп, қызмет жасау керек деп есептейді» деген тақырыпта ойларын ортаға салды. Керемет дәлелдермен мықты аргументтер үшін дебатшыларға алғыс білдіреміз.