17.01.2024 ж мектебімізде "Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент" тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Мақсаты: Жоғарғы кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру. Кеште "Бос микрофон", оқушыларымен студенттерге арналған жағдаяттардан шығу жолдарын анықтау, әртүрлі ойындар ойнатылды. Студенттер оқушыларға ақыл- кеңестерін айтып, дұрыс мамандықты таңдау туралы кеңес берді. Ал оқушылар студенттерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Кеш соңында тәтті шаймен аяқтадық.