Дауқара орта мектебінде жетім, жартылай жетім, мүгедек, оралман, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына әлеуметтік көмек және қамқорлық көрсету мақсатында қамқорлық кеңесінің мүшелері және жоспары бекітілді.
Дауқара орта мектебінде жетім, жартылай жетім, мүгедек, оралман, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына әлеуметтік көмек және қамқорлық көрсету мақсатында қамқорлық кеңесінің мүшелері және жоспары бекітілді.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Жахиен Қ. Қ.- «Жарқын СК» ЖШС меңгерушісі
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:
Орынбасары: Мажикеев С.Е. «Жарқын СК» ЖШС бригадир
Кеңес хатшысы: Сарсекова Роза-үй шаруасында
Понамарев А.Ф.- «Жаркын СК» ЖШС директоры, бас демеуші
Касенов С.О. – Сырымбет с/округінің әкімі
Жакенов Н. Т.- учаскелік инспектор
Мұқажанов Е.К.- кәсіпкер
Казбеков Е.К. - кәсіпкер
Мажикеева С.С. аға оқытушы, А. Мырзахметов атындағы университет
Тлеубаева Р.Р. №2 мектеп-гимназиясының директоры
Дюсенов Б.К- жылқышы
Михин Е. К- жылқышы
Уалиев А. К- жылқышы
Казбекова Б. Б.- кәсіпкер, қамқоршылық кеңесінің қазынашысы
Қамқоршылық кеңес жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілді. Оқу жылдың басында Мөлтек аудан бойынша әлеуметтік қамқорлыққа алынатын оқушылардың тізімін сынып жетекшілермен бірлесе анықтап жартылай жетім, көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының тізімі құрылды. Аз қамтылған отбасы және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етілді.
Еліміздің Президенті халыққа арналған «Қазақстан-2050» жолдауын жүзеге асыру, ҚР «Ата Заңының 30 бап талабына сай мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтамасыз ету, көп балалы, аз қамтылған отбасылар балаларына материалдық көмек көрсету мақсатында мектепте «Мектепке жол» акциясы өтті. Акцияны өткізу барысында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары бекітілді. Акциясы аясында тұрмысы төмен және көп балалы отбасы балаларына «Жарқын СК» ЖШС директоры Понамарев А. Ф. 1 сынып оқушыларына 50000 теңге көлемінде оқу құралдарын, сөмкелер әперді.
Жеке кәсіпкер «Коросев» мектепті ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Осы жарты жылдықта аз қамтылған отбасыларының 14 балаласы жалпы оқу қорынан тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 12 оқушы мектепішілік құрылған комиссиясының шешімімен осы тізімге енгізілген. Қамқоршылық кеңесі метеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін оқу жылында 216000 теңге ақша бөлінеді.
«Жарқын СК» ЖШС директоры Понамарев А.Ф. мектеп жанына скважина орнатты (500000 теңге) жіне Жаңа жыл мейрамын өткізуге 10000 теңге берді. Мектепке көмек есебінде мектеп түлегі Казбеков Е.Қ. 80000 теңгеге көмек көрсетті. Жеке кәсіпкер Мукажанов Е. Қ. мектеп шаруашылығына жұмсау мақсатында 40000 теңгеге көмек көрсетті. Осыдан 25 жыл бұрын бітірген түлектер мектепке 120000 теңгеге спорт инвентарь сыйға тартты. Сондай-ақ Мұсырман К. 20000 теңге, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Тлеубаева Р.Р. 10000 теңгеге көмек көрсетті.