Дауқара орта мектебінде Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар өтті. Бұл күн Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Мерекенің ашылуы салтанатты жиынмен басталды. Кітапханада «Ынтымақ – достық кепілі» көрме ұйымдастырылды. «Шебер қолдар» үйірменің жетекшісі Алтаева И.М. «Мерекелік қол өнер туындылары» таұырыбында көрме ұйымдастырды. Технология пәнінің мұғалімдері Абдушева А.Б.,Ескакова М. Е. «Біз-Қазақстан елінің балаларымыз» суреттер байқауын өткізді. Жеңімпаздар мақтау қаздарымен марапатталды. 1-11 сынып жетекшілер тақырыптық сынып сағаттарын өткізді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері спорттық жарыстар өткізді. Аға тәлімгер Тоқышева Д.А. мен музыкалық жетекшісі Жанысова Т.Қ. ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астындамыз» әдеби-музыкалық кеш өткізді. Әр сынып Қазақстанда тұратын: орыс, белорус, қырғыз, украин, өзбек ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін, мәдениетін, ұлттық киімдерін көрсетті. Сондай-ақ оқушылар ән йтып, би билеп көңілдерін көтерді.