Осыдан 27 жыл бұрын 7-мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті еліміздің Қарулы күштерін және Ұлттық ұланды құру жайлы жарлыққа қойды. Бүгінде осы күн Отан қорғаушылар мерекесі ретінде тойланып келеді. Дауқара орта мектебінде 6 мамыр күні «Отан қорғаушылар» патриоттық акциясы өтті.
Осыдан 27 жыл бұрын 7-мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті еліміздің Қарулы күштерін және Ұлттық ұланды құру жайлы жарлыққа қойды. Бүгінде осы күн Отан қорғаушылар мерекесі ретінде тойланып келеді.Дауқара орта мектебінде6 мамыр күні «Отан қорғаушылар» патриоттық акциясы өтті. Жастардың бойында жаңа қазақстандық патриотизм кағидаттарын қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын дамытып, Қарулы күштердің беделін арттыру мен ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында түрлі шаралар өтті. «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында видеоролик көрсетуден басталды. Содан соң мектеп директоры А. Нұрпейісов ұстаздарды, оқушыларды мерекемен құттықтап сөз алды. Әскери-патриотық әндер байқауы өтіп, онда оқушылар әскери әндерді орындады. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.