Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы ХАТТАМА №2 Қамқоршылық кеңесінің отырысы 02.10.2019 ж. Төрағаның аты-жөні: Жахиен К.К. Хатшының аты-жөні: Алтаева И.М. Қатысқандар:13 Қатыспағандар:2
Күн тәртібінде:
1. Дауқара орта мектебінің әкімшілік лауазымына тағайындау мәселесі.
Тыңдалды: Сердалина А.С. өзінің даму жоспарын қамқоршылық кеңесіне ұсынды. Келесі Токушева Г.Т. мектептің даму жоспары тыңдалды. Екеуін сараптай келе Сердалина А.С. - 11 кеңес мүшесі дауыс берді. Токушева Г.Т.-2 кеңес мүшесі өз дауыстарын берді. Көпшіліктің дауысымен Сердалина А.С. Дауқара ОМ әкімшілік азаматтық лауазымына ұсынылды. Гүлзағира Тобылбайқызының даму жоспарында кеңес мүшелеріне ұнамаған тұсы биылғы жылы "Алтын белгі" иегерінің санын көбейтемін дегені. Сердалина А.С. даму жоспарында кеңес мүшелеріне ұнаған тұсы спорт жағынан көп көңіл бөлетіні, және де жаңа үлгідегі мұғалімдердің санатын көбейтетіні. Қаулы: Дауқара орта мектебінің әкімшілік азаматтық лауазымына Сердалина Алмагүл Сабитқызы ұсынылды.