«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі
(ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп ілінеді.)
Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар және мектеп оқушылары
Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
Бүгінгі Қазақстан тәуелсіздігінің күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге
құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Бірыңғай « Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жалғастырамыз.
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің
Ұланымның туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар,сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
Мектеп, түзел, тік тұр ! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін!
Ту енгізіледі.
Гимн ойналады
Ұланбасы рапорт береді.
1- жүргізуші:
«Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер
«Жас Ұланның» әрбір мүшесі:
1-оқушы Камила:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбет пен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.Туған елін шексіз сүйеді.
2-оқушы Назерке
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұрандарды жатқа айту керек.
3-оқушы Айғаным
Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарпайым мінезде ұстайды.
4-оқушы Айжанар
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу, сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
5-оқушы Кәусар
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.
Ән : «Тәуелсіздік - ел ұраны» 6-сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі,- дей келе, ортаға 5-сынып оқушыларын шақырамыз.
Жылқайдарқызы Бірғаным
Қаратай Диас
Нұрпейісова Фариза
Рүстем Даниял
Қалел Мөлдір
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
Анттың мәтіні
Мен, ------------------------------------ Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным-Қазақстан Ресспубликасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестерімізің даңқты ерлігі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН ! АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН!
1-жүргізуші:
Құрметті Ұстаздар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
Ортаға мектебіміздің директоры А.С. Сердалина
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дюсенова Б.К.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Нурпеисов А.Н. және Нурғалиев Қ.Н.
«Жас Ұлан» ұйымының мүшесі Сұраған Аяжан.
Барлық оқушылар хормен :
«Біз», Жас Ұлан, «Ұранымыз»
«Қазақстан-Нұрсұлтан- Жас Ұлан» -3 рет қайталайды
2-жүргізуші: Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар елі бар
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз еріміз,- дей келе құттықтау сөзін мектеп директоры Сердалина Алмагүл Сәбитқызына береміз.
1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөзі тіл мамандары Алданыш Нұрахметұлы мен Қасым Нұрғалиұлына беріледі.
2-жүргізуші: Келесі құттықтау сөзі сынып жетекшісі Дюсенова Қарлыға Қаратаевнаға беріледі.
1-жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа
Жас Ұландар әні
2-жүргізуші: Мектеп, түзел, тік тұр ! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын!
1-жүргізуші:
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының
қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымыз осымен аяқталды. Кош сау болыңыздар!