Интеллектуалды ойын 11-сынып.Альмағанбетова З.Ж.
Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау. Отанымыздың басынан кешкен тарихи оқиғаларды, сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін анықтап, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілік: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, буклеттер
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың - дегендей бүгінгі «Отаным менің - Қазақстан» атты интеллектуалды ойынымызды бастайық. Бұл білім сайысына 10-сынып оқушылары қатысқалы отыр.
Ойын барысы:
1-ші тапсырма Таныстыру. Топтың аты, ұраны (5 ұпаймен бағаланады)
2-ші тапсырма Сергіту сәті «Жұмбақ жылдар» (10 сұрақтан қойылады,
1 ұпайдан бағаланады)
(Невада-Семей)
(Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
3 -тапсырма: « Жұмбақ жылдар»
Плакатқа жылдар жазылып берілген. Әр топ сол жылдарда болған оқиғаларды атауы қажет.Әр дұрыс жауап 1балл.
1- «5-тік»
1.1837-1847 жж.
2.1465-66 жж.
3.1993ж15 қараша
4.1731 ж
5.1986 ж
2 –«2-ші 5-тік»
1.1916;
2.1991;
3.1954;
4.1783-1797ж
5.1995ж 30 тамыз
3- «3-ші 5-тік»
1.1945ж
2.1946ж
3.1992ж 2 наурыз
4.1927ж XVсъезд
5.1773-1775жж.
4-тапсырма: « Жұмбақ оқиғалар»
Интерактивті тақтада жазылған жазбалар арқылы оқиғаны шешеді
Бұл оқиғаның қазақ халқына тигізген зардабы, қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мыңдаған адам қырылды немесе тұтқынға айдалып кетті. Жүздеген, мыңдаған ауыл қаттты күйзеліске ұшырап, мал-мүлкі талан-таражға түсті, бір кезде гүлденген қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар басынан кешірген сол сол ауыр қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыры болды. («Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»)
2-«жұмбақ оқиғасы».
Бұл оқиға 1730ж Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты. Осы жерде қазақ жағынан Сабалақ (болашақ Абылай хан атағы) Жоңғар жағынан Шарыш шығып, қазақ батыры жеңген. Мұның өзі қазақ жауынгерлерін арқаландырып, жігеріне жігер қосқан. Бұл шайқаста қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы беріп, жеңіс тапқан.
(Аңырақай шайқасы)
3-«жұмбақ оқиғасы».
Ойламаған жерден қазақ-қырғыз шекарасында Алмалысай жайлауындағы Кекілік тауында қоршауда қалды. Наурызбай батыр өз жасағымен қоршауды бұзуға ұмтылды. Басшы оған «Біз мүмкін қоршауды бұзып шығармыз, ал қалғандары қайтеді? Олардың бәрі қырылады ғой. Егер хан басыммен қашып кетсем не болғаным?»,-деген екен. (қырғыз) Қалығұл Әлібеков оның басын шауып Ресей басшысына әкеліп берді де 500 сом күміс ақша алды.
(Кенесары қозғалысы)
5-тапсырма «Жұмбақ кейіпкерлер»
1-ші: 30 жыл қысқа өмірінде тарихи-этнографиялық материалдар жинап, артында «қырғыз туралы жазбалар», «Ыстықкөл күнделіктері» деген еңбектерін қалдырған әйгілі ғалым (Ш.Уалиханов)
2- ші: Абылайдың ең жақын кеңесшісі, әрі сенімді серіктестерінің бірі болған би, әрі дипломат, қазақ шежіресінің білгірі (Бұхар жырау)
3-ші: Қазақстанда 1916ж өріс алған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл облысының 3 ауылында кедей шаруа отбасында туған. Ол байларға жалшы болды, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көрді. 1905-1907жылдары орыстың бірінші революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы күресіне қатысты.
(Амангелді Иманов)
6-тапсырма: Полиглот
(ат, имя, name) қояды.
2- сұрақ:Әрбір іске кірісер алдында, жасы үлкен адамның екі қолын жайып оған жақсы тілек білдіруі (бата беру, благословение, blessing)
3-сұрақ: Жігіттің ата-анасының ұзатылатын қыздың үйіне бару дәстүрі
(құда түсу, сватовство, matchmaking)
7-тапсырма: Анаграмманы шешу.
Анаграмма сұрақтары:
1-ші сұрақтар:
2-ші сұрақтары
1.1783-1797ж.ж.Кіші жүзде болған көтерілістің басшысы (Сырым)
3-ші сұрақтары:
Қорытындылау. Жеңімпаздарды марапаттау