Меню KDT

logo.png?_=1675674764


"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
  • kz
  • Все новости

    Қашықтықтан оқуға байланысты ата-аналар жиналысы

    Қашықтықтан оқуға ауысуға байланысты ата-аналарға ақпарат беру

    Сәлеметсіздер ме, құрметті  ата-аналар!

           Қазіргі туындап отырған жағдайға байланысты 6-сәуірден бастап дәстүрлі сабақты  қашықтықтан оқуға ауысып отырмыз. Бұл сіздердің балаларыңыз үшін де, мұғалімдер үшін де жаңа тәжірибе болғалы отыр. Сол себепті сіздердің қолдауларыңыз аса қажет. Қашықтықтан оқу балаңыздан жоғары ынтаны қажет етеді. Себебі оның жанында қадағалап отыратын мұғалім жоқ, тек сіз барсыз. Сондықтан балаңызға қажет мүмкіндіктерді қолдан келгенше жасауға тырысыңыз. Қашықтықтан оқыту дегеніміз үнемі компьютердің немесе смартфонмен ұзақ уақыт отыру емес. Мұғалімдер берген мәліметтерді қабылдап, берілген тапсырманы орындау. Яғни, аз мөлшердегі онлайн сабақ және көп мөлшердегі баланың жеке оқуы. Сабақтар баланың жас ерекшеліктеріне сай жасалған. Балаңыздың сабақ қарауына сіздің көңіл күйіңіз де әсер етеді, сондықтан өзіңіз де мазаланбай, сабырлық сақтап балаңыздың өз бетінше білім алуына жағымды атмосфера құрыңыз. Балаңызбен бірлесіп күн тәртібін құрыңыз, яғни балаңыздың онлайн сабаққа кіру, жеке тапсырмаларын орындау, тамақтану, демалу уақыттарын қадағалаңыз. Балаңыздың берілген тапсырмаларды мұқият орындауын қадағалап, қолдау көрсетіңіз. Тексеруші, қадағалаушы рөлінде емес, балаңызға қолдаушы, кеңес беруші  рөлінде болыңыз. Балаңызды ашық әңгімеге де тартып отырыңыз. Оның оқуында болып жатқан қиындықтар мен жетістіктер туралы сөйлесіңіз. Қандай да бір пәндерден қиындықтар туындайтын болса, пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен хабарласып отырыңыз. «Балапан» каналынан өтетін онлайн сабақтарды да балаңыздың қарап тыңдауын қадағалауды да естен шығармаңыздар. Бірақ теледидар мен компьютер, смартфонда көп отырудың денсаулыққа зиян екендігін де ұмытпаңыздар. Құрметті ата-аналар,  қашықтықтан оқу сіздің балаңыздың  өз бетінше оқуын, өзін-өзі ұйымдастыруын, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады. Сіздер ата-аналар қолдау көрсетіңіздер.

     

     

    06.04.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    Полезные ссылки