Тақырып: АҚТҚ деген не? АҚТҚ – инфекция деген не? ЖҚТБ деген не?
Шолу
Бұл тақырыпта АҚТҚ, АҚТҚ – инфекция, ЖҚТБ туралы түсініктер беріледі. Жиі жағдайда бұл түсініктерді шатастырады. АҚТҚ – жұқтырған болу, адам ЖҚТБ-мен ауырады дегенді білдірмейді. ЖҚТБ – АҚТҚ - инфекциясының соңғы стадиясы. АҚТҚ – инфекциясының ұзақ уақыт бес-он дейін еш қандай белгісіз өтуіне ерекше акцент істеуі керек. АҚТҚ – жұқтырған адамдар /АҚТҚ- оң/ сырттай басқа адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Олар өздері АҚТҚ – жұқтырғаны туралы білмеуі мүмкін, бірақ басқаларға жұқтыруы ықтимал. АҚТҚ – инфекциядан сауығып кету мүмкін емес.
Негізгі сөздер:
АҚТҚ - /вирус иммунодифицита человека/, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы /АҚТҚ/;
АҚТҚ – АҚТҚ инфекция – ағзаның өмір сүруге маңызды жасушалық қорғаныш /иммундық/ жүйесін зақымдаумен өтетін жұқпалы ауру;
АҚТҚ – АҚТҚ жұқтырғанда пайда болады, бірнеше сатылары бар;
ЖҚТБ - /синдром приобретенного иммунодифицита/ - жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі /ЖҚТБ/;
Мақсаты: Оқушыларда АҚТҚ/ЖҚТБ мәселесінің маңыздылығы және өз тәртібі үшін жауапкершілікті сезінуді қалыптастыру.
Міндеттері:
1) АҚТҚ, АҚТҚ – инфекция, ЖҚТБ не екені туралы жалпы түсінік беру.
2) АҚТҚ –инфекциясының сатылармен таныстыру.
3) Қазақстан үшін АҚТҚ/ЖҚТБ –ның таралу проблемасы өзекті екеніне көздерін жеткізу.
Сабақ жабдықтары: оқушы тақтасы, бор, маркерлер, қағаз парақтары.
Сабақ барысы:
Бой жазу: «Шеңберді кесіп өтіңдер». Қатысушыларды шеңбер
құрады. Әр бір қатысушы қарсы кім тұрғанын анықтайды. Мұғалім «Жүріңдер» дегенде, әр бір қатысушы көздерін жұмып, шеңберді кесіп өтіп, өзіне қарсы тұрған қатысушының орнына тұруы керек. Барлық оқушылар бәрін бір сәтте істеуі керек және қарауға болмайды. Содан кейін оқушылардан көздері жабық болғанда олар не сезінгенін сұрау. Жаттығулардың шынайы өмірмен арақатынасы қандай?
1 ші жаттығу. Ми шабуылы.
Талқылау үшін сұрақ: «Сіздер АҚТҚ/ЖҚТБ туралы не естідіңдер?» Жауаптар үлкен қағаз беттеріне немесе тақтаға жазылады. Мұғалім қорытынды шығарады: әсіресе қазіргі кезде АҚТҚ –инфекция емделмейтін науқас екеніне, адамның иммунотапшылық вирусынан пайда болатынына, бұл аурудан вакцина жоқтығына, АҚТҚ – тен сақтанудың бір де бір жолы - бұл қауіпсіз тәртіп екеніне оқушылар назарын аударады. Оқушылар назарын аударыңыз, ЖҚТБ – оба емес. АҚТҚ – ның және оба қоздырғышының берілу жолдары әр түрлі. АҚТҚ/ЖҚТБ –ті оба мен салыстыру үрей туғызып, АҚТҚ – жұқтырған адамдарды кемітуге әкеліп соғады.
2 ші жаттығу. Шағын лекция.
Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы /АҚТҚ/ - /вирус иммунодифицита человека/ ағзаның өмір сүруге маңызды жасушалық қорғаныш жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру туғызады және АҚТҚ – инфекция деп аталады. Қорғаныш жүйе ағзаны әр түрлі инфекциялар, жасушалардан сақтауға жауап береді.
АҚТҚ – инфекциясының бірнеше сатылары бар.
Аурудың сатылары:
Бірінші саты.
АҚТҚ – инфекциясының адам ағзасына түскеннен кейін суық тигендегідей белгілер білінуі мүмкін: /дене қызуының көтерілуі, тұмау, жөтел, лимфотүйіндердің үлкеюі/.
2 – 3 апта өткеннен кейін жедел кезең өтеді. Апта өткен жөн , 60 – 70 % жағдайда жедел кезеңсіз өтеді. Инфекцияның бұл даму сатысында инфекцияны жұқтырған фактіні анықтау мүмкін емес. АҚТҚ антиденелері /қанда олардың бары анықталғанда, АҚТҚ жұқтырған туралы сөз қозғалады/ инфекция жұқтырғаннан соң тек үш – алты ай кейін ғана пайда болады. Бұл кезеңде АҚТҚ – қа тестілер кері нәтижелер береді және «серологиялың саңылау кезеңі» деп аталады. Алайда, инфекция жұқтырған кісі осы уақыттан бастап, инфекция барын білмей, басқаларға жұқтыруы мүмкін.
Екінші саты:
АҚТҚ - тасымалдаушылық, АҚТҚ инфекциясының белгісіз өтуі. АҚТҚ – инфекциясын тасушыларды қанды тек арнайы зертханалық тексеру өткізгенде анықтауға болады. АҚТҚ- жұқтырған адамдар өздерін сау адамдай сезінеді, еңбекке толық жарамдылық сақтайды.
Үшінші саты.
Жұқтырғаннан бірнеше жылдан кейін пайда болады. Ағзаның қорғаныш күштері төмендеу аясында аурудың әр түрлі белгілері пайда болады: лимфотүйіндердің зораюы, дене қызуының жоғарлауы, іш өту, салмақ жоғалту. Емдеу науқас жағдайын қысқа уақытқа жақсартады. Адам әлі еңбекке жарамды.
Төртінші саты.
ЖҚТБ-ның алды және ЖҚТБ-ның өзі.
ЖҚТБ - /синдром приобретенного иммуннодефицита/ жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі /ЖҚТБ/ АҚТҚ – инфекциясының ақырғы сатысы болып табылады.
Жұқпалы аурудың даму процесінде адамның қорғаныш жүйесі толығымен бұзылады. Ағза әр түрлі микробтармен және қатерлі ісік жасушаларымен күресе алмайды. Шырышты қабаттардың, терінің, тыныс алу органдары жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының, көз, ми органдарының ауыр зақымданулары дамиды. Адам ағзасы әр түрлі ауруларға ұшырайды: туберкулез, токсоплазмоз, пневмония, мененгит, қатерлі ісіктер. Ауруға шалдыққаннан бастап өліммен аяқталуына дейін бес жылдан он екі жылға дейін өтеді.
Вирустың дамуын тежейтін және АҚТҚ-на байланысты вируске ұшырағанда емдейтін дәрілер бар. Бірақ дәрілер өте қымбат. Бір адамды бір жыл бойына емдеу үшін, он мың АҚШ доллары шығындалады. Өкінішке орай, АҚТҚ/ЖҚТБ-нен толығымен емдейтін дәрілері әлі жоқ.
3 ші жаттығу. Шағын топтардағы жұмыс.
Оқушылардытөрт топқа бөлу. Бұл үшін оларды бірінші, екінші, үшінші, төртінші деп санату. Біріншілер бірінші топқа, екіншілер екінші топқа, үшіншілер үшінші топқа, төртіншілер төртінші топқа бөлінеді. Барлық төрт топқа тапсырма: АҚТҚ-инфекциясының сатыларын қағазға сипаттау.
4 ші жаттығу. Шағын топтардағы жұмыс.
Оқушыларды төрт топқа бөлу.
Талдау үшін сұрақтар:
1 топ – АҚТҚ/ЖҚТБ індетінен медициналық мәселелерді атаңыз.
2 топ – АҚТҚ/ЖҚТБ індетінен туындайтын экономикалық мәселелерді атаңыз.
Топ | Жауаптардың нұсқауы |
1 ші топ | Вакциналармен емдеу әдістерін іздеу, қажет кісілерді медициналық қызметпен қамтамасыз ету, АҚТҚ-ке тестілеу өткізу, құю үшін донорлық қан мен жапсыру үшін органдарды тексеру. |
2 ші топ | Адам ресурстарын жоғалту, экономикалық дамудың төмендеуі, ауру адамдарды емдеу шығындары, дәрі – дәрмекке, жабдықтарға, клиникаға, қызметкерлергешығындалатын көп қаржы шығындары. |
5 ші жаттығу. Шағын дәріс.
АҚТҚ/ЖҚТБ-нің бүкіл дүниежүзінде және Қазақстанда таралуы.
СЛАЙД
Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышының аумағы ғалымдар мен дәрігерлердің болжамынан әлдеқайдаасып түскен, кең ауқымды індетті /ауру/ туғызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының /ДДҰ/ бағалауын бойынша АҚТҚ/ЖҚТБ –мен өмір сүруші адамдардың саны 2002 жыдың басына 40 миллионнан астамды құрады, 20 миллионнан астамы қайтыс болды. Әлемде күніне 16 мыңға тарта ересектер мен балалар шалдығады. Барлық соғыс қақтығыстарымен салыстырғанда, жыл сайын бұл вирустан адамдар әлдеқайда көп өледі. Көптеген елдерде АҚТҚ індеті соңғы жылдардағы әлеуметтік, экономикалық даму көлеміндегі жетістіктерді жоққа шығарды. Сахарадан оңтүстікке қарай кейбір Африка елдерінде тұрғындардың 20% АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған.
АҚТҚ/ЖҚТБ біздің де елімізді құр қалдырмады. Қазақстанда бірінші АҚТҚ жағдайы 1987 жылы тіркелді. Бүгінгі күні АҚТҚ қазақстан Республиксының барлық обылыстарында тіркелді және АҚТҚ –инфекциясы таралуының жоғары қарқыны байқалады. 2003 жылдың желтоқсандағы бағалауы бойынша Қазақстан Республиксында 16500 АҚТҚ –инфекциясын жұқтырған адамдар тұрады.
АҚТҚ –инфекциясын жұқтырған және ЖҚТБ – мен ауыратын адамдардың жалпы санының 65,7 % 15 – 29 жасқа дейінгі жастар құрайды. АҚТҚ жаза емес, ол вирус, одан сақтануды білуіміз керек.
АҚТҚ беріледі:
АҚТҚ берілмейді:
10.Моншада, саунада, бассейінде.
Қорытынды шығару.
Бұл тақырып бойынша қандай айтылмаған пікірлер мен түсініксіз сұрақтар бары туралы оқушылардан сұрау. Оқушы тренингке қатысушылардан жаңадан не білгені туралы, оларға қызықты, пайдалы болған деректерді сұрау.