Меню KDT

logo.png?_=1675674764


"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ"Дауқара орта мектебі"КММ
  • kz
  • Все новости

    "Денсаулық - зор байлық" сынып сағаты 1-сынып

    "Денсаулық - зор байлық" сынып сағаты

     

     Денсаулық – зор байлық тәрбие сағаты
     Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»
    Мақсаты:
    Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
    Дамытушылық - сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
    Тәрбиелік - денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
    Барысы:    Ой ашар сұрақтары:
    А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
     Ә)   Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста)
    Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбиесі)

    1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?
    2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?
    3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?
    4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?
     5.-Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
      
     Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
     Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
     Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
     -Бүгінгі тәрбие сағаты тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.
     

    Міне сендерге әкелдім деп сөмкесінен шығара бастайды.
        Мұғалім: -Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы білетін боламыз.
        - Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен ароматизатор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.
       
    Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті.    Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.

    - Ал қандай тамақ пайдалы? 
         - "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
    Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көпболады.
    Қызғаншақ болма! Өзбойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
    -  Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің..
         Гүл ұстаған балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып , денсаулық тілеп, гүл ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жылы лебізді бастап тілеген баланың өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады.
    «Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», - деп  қорытындылау.
    -    Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.

    Денсаулық – ол күлуің,
    Көңіл-күйің жадырай.
    Денсаулық – ол жүруің,
    Ешбір жерің ауырмай.
    - Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
    - Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.
    1. Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .
      2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.
      3. Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек.
      4.Жаңғақты тіспен шақпау керек.
      5.Дер кезінде тіс дәрігеріне көріну қажет.
      6.Тәттіні көп жеуге болмайды.
      7.Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы керек.

    Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
    Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 
    Жаңғақтар.  Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
    Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. 
    Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
    Көк шәй:  Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
    Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
    Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. 
    Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
    Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
    Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. 
    Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді. 
    Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы. 
    Жұмбақ
     Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.
    Дымқылдап күнде сен,
    қолыңа сүйкесең.
    Кетіп кір-ласың,
    Тап-тазаболасың. (Сабын)
    Шомылған баланы,
    Аймалапалады.
    Сүртеді қолын да,
    Сүртеді жонын да. (Сүлгі)
    Аузыжоқ, көзіжоқ,
    Тіліжоқ, өзіжоқ.
    Бірақ та тісі бар,
    Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
    Біз едік, біз едік,
    Отыз екі қыз едік.
    қатар-қатар тізілдік,
    Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)
                - Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т. б. жолын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздерің үлкен тәрбие алдыңдар. 
           »   Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:
    » Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.
    » Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.
    » Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.
    » Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.
    » Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.
    » Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді    қоректену керек.
    » Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ертежатып,ерте тұру керек.
    » Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.
    » Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек. Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек Терлеп тұрып су ішпеу керек.
    » Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.
    Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,
    Таза болып жүреміз.
    Біз баламыз шыныққан,
    Денсаулығы мықты жан.
     
     
     
     
     
     
     
     

     

    22.02.2021
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Сердалина Алмагуль Сабитовна

    Полезные ссылки